начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Говорим (аудио разговорники)

В ПОЛИКЛИНИКЕ / ЕМХАНАДА

8 сентября, 20:11

 

vpoliklinikek.mp3

 

В ПОЛИКЛИНИКЕ  /  ЕМХАНАДА

дежурный врач

кезекші дәрігер

главный врач

бас дәрігер

заведующий отделением

бөлім меңгерушісі

фельдшер

фельдшер

здравпункт (медпункт)

сауықтыру пункті (медпункт)

регистратура

тіркеу

медицинская карта

медициналық карта

история болезни

сырқатнама

больничный лист (бюллетень)

саухат қағаз (бюллетень)

выдать (выдавать), продлить (продлевать), закрыть (закрывать) бюллетень

саухат қағаз беру, ұзарту, жабу

медицинская справка

медициналық анықтама

выдать (выдавать) медицинскую справку

медициналық анықтама беру

выписать рецепт

рецепт жазып беру

ставить (поставить) печать

мөр басу

приемные часы

қабылдау сағаты

кабинет врача

дәрігердің кабинеті

рентгеновский кабинет

рентген кабинеті

процедурный кабинет

ем-дом кабинеті

кабинет физиотерапии

физиотерапия кабинеті

тяжелая (опасная, неизлечимая, инфекционная) болезнь

қатты (қауіпті, ем қонбайтын, жұқпалы) ауру

хроническое (инфекционное) заболевание

созылмалы (жұқпалы) дерт

простуда

суық тию, тұмаурату

насморк/грипп

тұмау

воспаление легких

өкпенің қабынуы

порок сердца

жүрек ақауы

ревматизм

сал (ревматизм)

гастрит

асқазан ауруы

язва желудка

асқазан жарасы

пищевое отравление

тамақтан улану

солнечный приступ

күн өту

приступ сердечный (аппендицита)

жүрек ауруының (соқыр ішектің) ұстауы

опухоль доброкачественная (злокачественная)

зарарсыз (қатерлі) ісік

травма

зақым, жарақат

растяжение

созылу

перелом

сыну

вывих

буынның шығуы (буынның таюы)

ожог

күйік, күйген жер

рана

жара, жарақат

промыть (перевязать) рану

жараны жуу (таңу)

нарыв

іріңдеу

фурункул

шиқан

обморок

талу (есінен танып қалу)

сознание

ес

терять (потерять) сознание

естен тану

прийти в сознание

есін жинау

осложнение

асқыну

пульс

тамырдың соғуы

температура нормальная (повышенная, высокая, пониженная)

қызуы қалыпты (көтеріңкі, жоғары, төмен)

проверить кислотность

қышқылдықты өлшеу

укол, прививка

укол, егу

делать операцию

операция (ота) жасау

Что Вас беспокоит?

–  Қай жеріңіз ауырады?

Снимите рубашку (платье).

–  Жейдеңізді (көйлегіңізді) шешіңіз.

Разденьтесь до пояса.

–  Беліңізге дейін шешіңіз.

Дышите.

–  Дем алыңыз.

Глубоко дышите.

–  Терең дем алыңыз.

Не дышите.

–  Дем алмаңыз.

Как болит сердце?

–  Жүрегіңіз қалай ауырады?

Боли в сердце колющие.

–  Жүрегім шаншып ауырады.

Режущих, ноющих болей нет.

–  Кесіп, сыздап ауырмайды.

Ноет, колит?

–  Сыздап, шаншып ауыра ма?

Когда заболели?

–  Қашан ауырдыңыз?

Вчера заболел(а).

–  Кеше ауырдым.

Впервые  или повторно?

–  Бірінші рет пе, жоқ қайталау ма?

Первый раз заболел(а).

–  Бірінші рет ауырдым.

В каком году?

–  Қай жылы?

В этом году.

–  Осы жылы.

Есть ли  одышка?

–  Ентігесіз бе? (демігесіз бе?)

Есть одышка (одышки нет).

–  Ентігемін (ентікпеймін).

Боли бывают днем или ночью?

–  Күндіз ауыра ма, түнде ауыра  ма?

Ночью болит, днем не болит.

–  Түнде ауырады, күндіз ауырмайды.

Сердце сжимается?

–  Жүрегіңіз қысыла ма?

Сжимается сердце (не сжимается).

– Жүрегім қысылады (қысылмайды).

Связано ли это с физическими нагрузками?

–  Бұл ауру ауыр жұмысыңызбен байланысты ма?

Это болезнь связана с родом  моей деятельности (не связано).

– Бұл ауру менің кәсібіммен байланысты (кәсібіммен байланысты емес).

Боли постоянные или приступами?

–  Үнемі ауырып тұра ма, әлде ұстамалы ма?

 Болит не постоянно, приступами.

–  Үнемі ауырмайды, кейде ғана ұстайды

 Какова продолжительность болей?

–  Ауру қанша уақытқа созылады?

Боли продолжаются 10-15 минут.

–  Ауру он-он бес минутқа созылады.

Бывают ли боли в состоянии покоя?

– Тынығып жатқанда ауыра ма?

В состоянии покоя не болит (болит).

–  Тынығып жатқанда ауырмайды (ауырады).

Сделайте несколько приседаний.

–  Бірнеше рет отырып тұрыңыз.

Бывают ли судороги в ногах?

–  Аяғыңыз құрыса ма? Тамыры тартыла ма?

Иногда бывают судороги (не бывают судороги).

–  Тамырым кейде тартылады (тартылмайды).

Головокружение бывает?

–  Басыңыз айнала ма?

Голова кружится (не кружится).

–  Басым айналады (айналмайды).

Сознание теряете ?

–  Есіңізден танасыз ба?

Сознание не теряю (теряю).

–  Есімнен танбаймын (танамын).

Чем болели раньше?

–  Бұрын немен ауырдыңыз?

Я всегда был здоров

– Денсаулығым жақсы болатын

 Раньше было воспаление печени и часто простужался (раньше не болел(а)).

– Бұрын бауырым қабынған және жиі  суық тиіп қалатын (бұрын ауырған жоқпын).

 Проходит ли боль при применении лекарств и каких?

–  Дәрі ішкенде ауырғаны басыла ма? Қандай дәрі ішкенде басылады?

 При приеме лекарств боли ослабевают (не ослабевают).

– Дәрі ішкенде ауырғаны басылады (басылмайды).

Бывают ли отеки в ногах?

–  Аяғыңыз домбыға ма?

Ноги отекают (не отекают).

– Аяғым домбығады (домбықпайды).

Тошнота бывает ?

–  Жүрегіңіз айни ма?

Тошнит (не тошнит).

–  Жүрегім айниды (айнымайды).

Бывает ли рвота?

–  Құсасыз ба?

Есть рвота (нет рвоты).

–  Құсамын (құспаймын).

Одышка возникает в покое (когда стоите или сидите) или при подъеме на лестницу, при физической нагрузке?

–  Жай тұрғанда (тұрғанда, отырғанда) баспалдақпен көтерілгенде, ауыр жұмыс істегенде демігесіз бе?

Появляется ли одышка при ходьбе по ровному месту?

–  Тегіс жермен жүргенде демігесіз  бе?

Нет.

– Жоқ, демікпейін.

Бывают ли  внезапные    приступы удушья?

–  Кенеттен тұншығу ұстамасы бола ма?

Приступы бывают (не бывают).

– Ұстама кейде болады (болмайды).

Появляются ли  по ночам приступы  удушья?

–  Түнде тұншығасыз ба?

Приступы бывают (не бывают)

– Тұншығамын (тұншықпаймын)

Удушье появляется, когда Вы приподнимаетесь с постели?

–  Төсектен тұрған кезде тұншығасыз ба?

Вы спите на одной подушке или Вам необходимо  пользоваться дополнительной?

–  Сіз бір жастықпен жатасыз ба, әлде қосымша жастық қажет пе?

На одной  подушке (на  нескольких).

– Бір (бірнеше) жастықпен жатамын.

Боль отдает в  левую лопатку (в левую руку, шею, челюсть)?

–  Сол жақ жауырыныңыз (сол қолыңыз, мойыныңыз, жақтарыңыз) ауыра ма?

Болит левая рука, челюсть.

– Сол жақ қолым, жағым ауырады.

Вы испытываете  чувство  стиснения в  груди (давления в области сердца)?

–  Кеудеңіз (жүрегіңіздің тұсы) қысып тұрғандай бола ма?

Боли в груди.

– Кеуде тұсым қысып тұрады.

У Вас есть чувство нехватки воздуха?

–  Ауа жетпей тұрғандай бола ма?

Не хватает воздуха.

– Ауа жетпейді.

Испытываете  ли вы ощущение, напоминающее изжогу?

–  Қыжылдағандай бола ма?

Есть изжога.

– Жүрегім қыжылдайды.

Боль за грудиной  (в области сердца) возникает при физической нагрузке?

–  Кеудеңіздің (жүрегіңіздің) тұсы ауыр жұмыс істегенде ауыра ма?

Боль за грудиной ( в области сердца) возникает при волнении, нервно-психическом напряжении?

–  Кеудеңіз (жүрегіңіздің тұсы) ренжігенде, қобалжығанда ауыра ма?

Снимает ли боль нитроглицерин?

–  Нитроглицерин ауырғанды баса ма?

Проходит ли боль после прекращения физической нагрузки?

–  Ауыр жұмысты тоқтатқан кезде  ауырғаны басыла ма?

Проходит (не проходит).

– Басады (баспайды)

Вам помогло лекарство

– Сізге дәрі-дәрмек көмектесті ме?

Ничего серъезного нет

– Қауіпті ештеңе жоқ

Соблюдайте диету

– Диета сақтаңыз

Я выпишу вам рецепт

– Мен сізге рецепт жазып берейін

Нужно сделать анализ крови

– Қанның анализін тапсыру керек

другие статьи