начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Говорим (аудио разговорники)

В КАССЕ / КАССАДА

9 сентября, 17:48

kassadaa.mp3

 

В КАССЕ  /  КАССАДА

Сколько стоит билет в  купейный вагон  .... до Астаны?

... пассажирского поезда ...

... скорого поезда ...

– Астанаға дейін ... купелі вагонына билет қанша тұрады?

... жолаушы пойызының ...

... жүрдек пойыздың ...

Мне, пожалуйста, на сегодня                 

два билета до Астаны на  пятьдесят                 

пятый поезд          

– Бүгінгі елу бесінші пойызға Астанаға дейін екі билет беріңізші

Вам нужен купейный вагон                     

или плацкартный?

– Сізге купелі вагон керек пе, әлде плацкартты вагон керек пе?

Желательно, купейный

– Мүмкін болса, купелі

Ваши документы, пожалуйста              

– Құжатыңызды беріңізші

Когда отправляется поезд?

– Пойыз қашан жүреді?

Время отправления поезда - двадцать один час. тридцать пять минут

– Пойыздың жүру уақыты – жиырма бір сағат отыз бес минут

Сколько стоит детский билет?

– Балалар билеті қанша тұрады?

Сколько лет вашему ребенку?

– Балаңыз неше жаста?

Моему сыну четырнадцать лет 

– Менің ұлым он төрт жаста

Детский билет стоит ... тенге

– Балаларға арнайы билет ... теңге тұрады

Один полный и один детский                 

в мягком вагоне, пожалуйста

– Жайлы вагонға бір толық және бір балалар билетін беріңізші

Два билета в купейный вагон, на двадцать шестое октября туда и обратно, пожалуйста

– Маған купелі вагоннан жиырма алтыншы қазанға баруға және қайтуға екі билет беріңізші

На какое число обратный билет?

– Қайтар билет қай күнге?

Сколько я должен ?                                 

– Қанша төлеуім керек?

Пожалуйста, билет до ... , на сегодня

... Астаны                                                     

... Алматы                                                    

... Шымкента

– Бүгінге ...-ға/ке дейін билет беріңізші

... Астана

... Алматы

... Шымкент

На какое число вам дать?

– Сізге билетті қай күнге берейін?

Вам дать один билет?

– Сізге бір билет берейін бе?

Нет, дайте мне два билета, пожалуйста         

– Жоқ, маған екі билет беріңізші

Этот поезд идет только по четным дням?

– Бұл пойыз жұп күндері ғана жүреді ме? 

Какие места вам дать?

– Сізге қай орынға берейін?

Верхнюю полку, пожалуйста 

– Жоғары орын болсыншы

С вас ... тенге

– ... теңге болды

На сегодня билетов нет

– Бүгінге билет жоқ

А на завтра есть билет?

– Ал ертеңге билет бар ма?

Да, есть

– Иә, бар

А когда следующий поезд?

– Келесі пойыз қашан болады?

Следующий поезд будет только завтра

– Келесі пойыз тек ертең болады

Завтра он будет в такое же время ?

– Ертең осындай уақытта бола ма?

другие статьи