начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

СМИ о нас

SMART.TV-ға арналған «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері (Баспасөз хабарламасы)

20 мая, 10:57

Баспасөз хабарламасы

20.05.2015ж.

SMART.TV-ға арналған «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері

2015 ж. 20 мамырда «Қазмедиа» Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен “Samsung Electronics Central Eurasia” компаниясы бірлесіп SMART.TV-ға арнайы әзірлеген «Soyle.kz» қосымшасының тұсау кесері өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Әділбек Мұсабаев, “Samsung Electronics Central Eurasia” компаниясының президенті Юн Су Ким мырза және Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеев қатысты.

Бұл қосымшаның әзірленуі қазақ тілінің әлемдік ақпараттық жүйеге енуіне ықпал етпек. Енді «Soyle.kz» қосымшасының көмегімен үйде теледидар алдында отырып-ақ SMART.TVарқылы қазақ тілін үйренуге болады.

Soyle.kz – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samsung Electronics» компаниясының қолдауымен 2013 жылдың желтоқсан айында ашылған қазақ тілін үйрететін алғашқы тегін онлайн курс.

«Soyle.kz» – қазақша әдеби-ауызекі сөйлеу тілін үйренудің тиімді жүйесі. Портал іске қосылғаннан бергі бір жыл ішінде оның қызметін әлемнің түкпір-түкпірінен 350 мыңнан астам пайдаланушы қолданып, арнайы тіркеліп тіл үйреніп жатқан адамдардың саны 23 мыңнан асты. Онлайн курс тәулік бойы жұмыс істейді, мұнда өзіңізге қолайлы кез келген уақытта тіл үйрене аласыз.  

Интернет порталда көптеген оқу-жаттығу жұмыстары қамтылған: жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасы, сөздік қорды молайту жаттығулары, стандартты сөз тіркестері, күнделікті қолданылатын дайын сөз орамдары, жағдаяттық диалогтар, аудио және бейне материалдар, тест сұрақтары, ақпараттық материалдар және т.б. көптеген мәлімет. Ресурс 10 бөлімнен тұрады: «Сабақтар», «Сөйлейміз», «Оқимыз», «Тыңдаймыз», «Жазамыз», «Үйренеміз», «Көреміз», «Тақырыптық сөздік» «Өзіңді тексер», «Кітапхана». 

«Портал жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында сервер параметрлері мен программалық жүйесін жаңарту және кеңейту шараларын жүзеге асырдық. Біз порталдың жұмыс жылдамдығын барынша ұлғайтып, мобильдік қосымшаның тұрақты жұмыс істеуіне қол жеткіздік», - деп атап өтті А.Шәуеев.

Атап өтер болсақ, тестілеу бағдарламасы жетілдірілді. Қателерің мен дұрыс жауаптарыңды көру мүмкіндігі пайда болды.

vk.com жәнеfacebook.com. әлеуметтік желілері арқылы сайтқа тіркелу (авторизация) қызметі қосылды.

Пайдаланушылар бір-бірімен онлайн режимінде сөйлесе алуы үшін «Онлайн чатты» іске қостық.

Жаңадан «Кітапхана» бөлімі ашылды, бұл жерде түрлі әдеби және танымдық кітаптарды онлайн режимде оқуға мүмкіндік аласыз.

«Өзіңді тексер!» атты жаңа бөлім аштық. Енді қолданушылар өзінің тілді практикалқ тұрғыда қолдану деңгейін тексере алады, әрі өзгелер көмектесе алады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Soyle.kz» әлеуметтік желісінің топтарында 10 мыңға жуық пайдаланушы, ал мобильді қосымша арқылы 5 мыңға жуық пайдаланушы тіл үйреніп жатыр.

Балаларға арналған «bala.soyle.kz»порталын пайдаланушылар саны да күн сайын артып келеді.

 

Мемлекеттік тілді дамыту қорының баспасөз қызметі

тел.74-36-97, 74-29-09, e-mail: info@qazaq-found.kz 

www.qazaq-found.kz

 

 


 

 

 

 

Пресс-релиз 

20.05.2015 г.

Презентация приложения «Soyle.kz» для SMART.TV.

20 мая 2015г. в Астане в СЦК «Казмедиа» состоялась презентация приложения «Soyle.kz» для SMART.TV, созданного Фондом развития государственного языка в партнерстве  с компанией “Samsung Electronics Central Eurasia”.

В мероприятии приняли участие заместитель исполнительного  директора Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации Адильбек Мусабаев, президент компании «Samsung Electronics Central Eurasia» г-н Юн Су Ким и директор Фонда развития государственного языка Азат Шауеев.

Создание данного приложения способствует широкому внедрению казахского языка в мировую информационную систему. С помощью приложения «Soyle.kz» теперь можно обучаться казахскому языку по SMART.TV.

Soyle.kz – это первый бесплатный онлайн курс казахского языка, открытый в декабре 2013 года, который был создан при поддержке Фонда Первого Президента Республики Казахстан – Лидера Нации, АО «Самрук-Қазына» и компании «Samsung Electronics».

«Soyle.kz» –  это эффективный онлайн курс литературно-разговорного казахского языка. За год работы порталаего услугами воспользовались более 350 тыс. пользователей со всего мира, а обучаются на сайте уже свыше 23 тыс. человек. Онлайн курс доступен круглосуточно, здесь можно учиться в любое удобное время.

Интернет-портал содержит много полезной информации: звучание и перевод новых слов, словарные карточки на расширение словарного запаса, стандартные фразы, готовые конструкции из повседневной речи, ситуационные диалоги, аудио и видеоматериалы, интерактивные упражнения, тесты, справочные материалы и многое другое. Ресурс состоит из 10 разделов: "Уроки", "Говорим", "Читаем", "Слушаем", "Пишем","Полезное", «Смотрим», «Проверь себя», «Библиотека» и «Тематический словарь».

«В целях модернизации портала была произведена работа по  обновлению и расширению параметров сервера и программного обеспечения. Мы смогли существенно увеличить скорость работы портала и добиться стабильной работы мобильного приложения», - отметил А.Шауеев.

В частности, была усовершенствована программа тестирования,появилась функция просмотра ошибок и правильных ответов.

Добавлена авторизация на сайте через социальные сети vk.comи  facebook.com.

Разработали «Онлайн чат», для того чтобы пользователи могли общаться в онлайн режиме.

Добавили новый раздел «Библиотека», где выкладывается литература с функцией просмотра в онлайн режиме.

Добавили новый раздел  «Проверь себя!». Очень удобно для тех, кто хочет попробовать себя на практике и помочь другим. 

В настоящее время в группах соц.сетей«Soyle.kz»обучаются казахскому языку около 10 тысяч пользователей, а по мобильному приложению около 5 тысяч человек.

Также с каждым днем растет количество юных интернет-пользователей, обучающихсяс помощью портала«bala.soyle.kz».

Пресс-служба Фонда развития государственного языка

тел.74-36-97, 74-29-09

e-mail:info@qazaq-found.kz

www.qazaq-found.kz

другие статьи