начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Слушаем (песни с текстами)

Алтынай Жорабаеваның орындауындағы әндер

31 января, 14:18

altinaj_zhorabaeva_-_agazhan_zf.fm.mp3

Ағажан 

Бәйтеректей саялы, алақаның аялы
Маңдайымнан сыйпаған менің
Қамқор аға әкедей, еркелеткен мәпелей
Тілегіңнен сый табам сенің
Қарлығаштай қанатың талмай тынбай қағатын
Жасымаған көзіңе сенем
Жетеледің, жеткіздің, қарызымыз көп біздің
Асыл аға өзіңе деген.

Қайырмасы:
Құтты болсын ағажан қуанышың
Азамат боп ержетті-ау жубанышың
Өмірінің шырағын сөндірмесін
Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың.

Бізді ойлап жүргенде байқатпастан бір демде
Ержетіпті -ау ұл қызың бүгін.
Кір шалмаған арыңмен, жаздай сұлу, жарыңмен
Жана берсін жұлдызың бүгін.
Бұл тойыңды  аңсап ек, қызмет қып жан салып
Еріп келем ізіңнен сенің.
Тойың тойға ұлассын, бақ даулетің гүл ашып
Нұр таймассын жүзіннен сенің.

Қайырмасы:
Құтты болсын ағажан қуанышың
Азамат боп ержетті-ау жубанышың
Өмірінің шырағын сөндірмесін
Көніліңнің жалғасын ұлы ағысың

 

altinaj_zhorabaeva_-_asil_zharim_zf.fm.mp3

Асыл жарым

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген

Келбетіңнен сенімнің күшін көрем

Сен сияқты мені ешкім еркелетіп

Сен сияқты мені ешкім түсінбеген

 

Асыл жарым

Жайнаған жасыл бағым

Бағаласаң бақытыңмын

Сағынсаң қасыңдамын

Арманды дара қумаймыз

Құстың қос қанатындаймыз

Жүректе от жанып

Тауларды бетке алып

Бірге ұшып барамыз болашаққа

 

Сен бар жерде керегем кең сияқты

Кең сияқты, терезем тең сияқты

Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп

Жұбата да алмаған сен сияқты

 

Асыл жарым

Жайнаған жасыл бағым

Бағаласаң бақытыңмын

Сағынсаң қасыңдамын

Арманды дара қумаймыз

Құстың қос қанатындаймыз

Жүректе от жанып

Тауларды бетке алып

Бірге ұшып барамыз болашаққа

 

Шаттығымның бастауын сенен көрдім

Сенен көрсем қалайша төмендермін

Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз

Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің

 

Асыл жарым

Жайнаған жасыл бағым

Бағаласаң бақытыңмын

Сағынсаң қасыңдамын

Арманды дара қумаймыз

Құстың қос қанатындаймыз

Жүректе от жанып

Тауларды бетке алып

Бірге ұшып барамыз болашаққа

 

altinaj_zhorabaeva_-_elimnin_zhuregi_astana_zf.fm.mp3

Елімнің жүрегі – Астана 

Астанам көп қараймын мен келбетіңе , 
Мен келбетіңе ,мен келбетіңе 
Балғы нсың жас қайыңдай өз тербетіле , 
Өз тербетіле, өз тербетіле 
Жаннаттай жан біткенді елжіретесің, 
Елжіретесің, елжіретесің 
Біз үшін жаннат қала сен жер бетінде , 
Жер бетінде, жер бетінде 

Қайырмасы: 
Елімнің жүрегі 
Жарқырап жайнай берші, сен, Астанам! 
Өзіңе арналады ән дастаным 
Қашан да саған іңкәр менің жаным 
Жастықтың жалауы бол, сен, Астанам! 

Аңсаймын, армандаймын пәк жүрекпенен, 
Пәк жүрекпенен , пәк жүрекпенен 
Астана, жайнар дәйім, мен тілеп келем 
Мен тілеп келем , 
Мен тілекшінемін 

Қайырмасы: 
Елімнің жүрегі 
Жарқырап жайнай берші, сен, Астанам! 
Өзіңе арналады ән дастаным 
Қашан да саған іңкәр менің жаным 
Жастықтың жалауы бол, сен, Астанам!

 

altinaj_zhorabaeva_-_gashikpin_zf.fm.mp3

Ғашықпын 

Бұл тағдыр неге неге соншама қинайды екен

Жаныңа зорлық сыйлайды екен

Ғашықпын, шын ғашықпын сол арманға

Жарық дүние жалғанда

Тында жүрек сол жанға.

Сезімді жалған мол арманға

 

Жазғы күнім жадыраған

Қуанышын жасырмай.

Көздің жасы тамшылаған

Көңіл-күйім ашылмай.

Жанарымда, ардағымда.

 

Жан сырымды кімге айтам?

Кімге барып өкінем?

Арманыда, ардағымда

Жалғыз үмітім сен.

 

Арманыма асықпын,

Бір өзіңе ғашықпын.

Ғашықпын, шын ғашықпын сол арманға

Өмірім өтті-ау жалғанда

Ғашықпын, шын ғашықпын сол арманға.

 

Қайырмасы:

Жан сырымды кімге айтам?

Кімге барып өкінем?

Арманыда, ардағымда

Жалғыз үмітім сен.

 

Арманыма асықпын,

Бір өзіңе ғашықпын.

Ғашықпын, шын ғашықпын сол арманға

Өмірім өтті-ау жалғанда

Ғашықпын, шын ғашықпын сол арманға.

 

Bakytty ayel.mp3

Бақыттты әйел

Артта адам бүгін бізге жалғасқан қыз ұлын.
Тұныққа шөлдейді,  аңсайды күн жылуын
Тəңірдің рахымын жасаған жасаған адам ата
Кейуа ананың сиын!
Ұрпағына сыйлаған
Қамқоршы мейірін
Отбасына бөлеген
Бар ынта пейілін
Сүйген жарына адал
Ортаймасын сезімің
Қиындыққа төзімің!
Қайырмасы:
Гүлдей құлпырған
Күннен нəр алған
Ұрпақтан ұрпақ тараған
Əлемде бəрі сұлу əйелдің
Бақытты болуы үшін жаралған
Əйелді ай күн жақұтқа теңер
Асыл сыйлап ,шатыққа бөлер
Жүректің ыстық жылуын бөліп 
Сыйлай білсеңіз-бақытты əйел!

Əйелден небір батыр,
Ақын да дана туған
Киелі еліне ардақты дара туған
Қара халық хандарды,барлық пайғамбарларды ардақты ана туған!
Аяласын деп жаратқан бізге ананы 
Өмір неткен жалған 
Кімдерден із қалады
Ертең болашақ ана
Сондықтан ей жігіттер!!!
Сыйлаңдар қыз баланы!!! 
Қайырмасы:(3рет)
Гүлдей құлпырған
Күннен нəр алған
Ұрпақтан ұрпақ тараған
Əлемде бəрі сұлу əйелдің
Бақытты болуы үшін жаралған
Əйелді ай күн жақұтқа теңер
Асыл сыйлап ,шатыққа бөлер
Жүректің ыстық жылуын бөліп 
Сыйлай білсеңіз-бақытты əйел! 

 

Qazaqstanym alga.mp3

Қазақстаным алға

Дархан елім не деген шалқар едің 
Байтақ далам дастансын айтылмаған 
Орман көлім кіндік қан тамған жерім 
Өзіне кеп басады аңсаган арман демім 
Мақтанамыз досқада жатқа аңыз 
Отан жайлы шаттық жыр ақтарамыз 
Жерұйықсын өзгеден ең биіксін 
Картадан пан қарайтын сен биік керней ақсан
 
Қ-сы
Өрлей бер талмай самға 
Қазақстаным алға 
Ұмтылған арай танға 
Осындай сұлу кен өлке егемен дуниеде мына бар ма
қиындық жолын білмей 
Қазақстаным өлмей
Құлпыра жайна гүлдей
 
Артқа алтай жайлаған елім қандай
Атырауым паналы асқар тауым
Жетісуым қазына байлық нуым
Көгімде желбіресін тәуелсіз менің туым

 

sen algash gul berdin.mp3

Сен алғаш гүл бердің 

Сен алғаш гүл бердің көктемде
Ғайыптан кезігіп көк белде
Сен алғаш самал боп өткенде
Асыл жарым жасыл бағым

Қайырмасы:
Сен алғаш гүл бердің 
Гүл беріп ғажайып түрге ендің
Көзіңнен шуақты нұр көрдім,күн көрдім
Сен алғаш көктемде 
Гүл бердің кезігіп көк белде
Қайда сол көктемім
Қыр асып кеткенбе...
Сен алғаш көктемде 
Гүл бердің кезігіп көк белде
Қайда сол көктемім
Қыр асып кеткенбе...

Сен алғаш гүл берген көктемде
Жігіт ең өрім тал от кеуде
Сен алғаш кезіккен көк белде
Асыл жарым,жасыл бағым
Сен алғаш гүл берген
Гүл беріп түрленген сұр мерген
Көзіңнен шуақты нұр көрген,күн көргем
Сен алғаш көктемде 
Гүл бердің кезігіп көк белде
Қайда сол көктемім
Қыр асып кеткенбе...
Сен алғаш гүл бердің
Гүл беріп ғажайып түрге ендің
Көзіңнен шуақты нұр көрдім,нұр көрдім !

 

 

 

другие статьи