Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Қыдырәлі мен Қарақаттың орындауындағы әндер

25 июля, 4:58

karakat-pen-kydyrali-hanzada.mp3

                                                                         Ханзада

Көзің қандай сезімімді баураған арайлым

жанарыңмен сұл сәулесін баураған қалаймын

Үнің балдай жүрегімді жаулаған

Жүзің қандай Қыз Жібектен аумаған

жан екенсің жаралғандай дәл маған

АЯУЛЫМ!

Әсем күлкің,арай көркің,күнау менің

Ән салатын көктен!

Қ/ы: Жанымда қалшы бұлбұлым

Келші гүл-гүлім

Бақытым болшы тек қана менің

Жақұтым болшы

Жағайық махаббат шамын

Бірге атсын таңым

Ерке елігім болшы сен адал

Мәңгі серігім!

2.Сені көріп өртенеді жүрегім ханзадам

Сымбатыңа дидарыңа жүремін тамсана

орындалды бүгін арман тілегім

Болшы мені аялайтын тірегім

Хор қызындай жұмағыңда жүремін

Ән сала!

Тәтті түсім, қыран құсым, сенсің бағым

Асылым да ЖАНЫМ!

Қ\ы:жаныңда мәңгі қалайын

От боп жанайын

Түсіме енген ақ боз ат мінген

Ханзадам сенде

Жағайық махаббат шамын

Бірге атсын таңым

Ерке елігім болшы сен адал

МӘҢГІ СЕРІГІМ!

 

2001.mp3

                                                                          Асыл әжем


Асыл әжем,ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімдей ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын ойнақтаған албарда,
Қозындаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауғада қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрнгіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

 

2002.mp3

                                                                        Ризамын саған

Күлімдеп көзің,

Дірілдеп сезім,

Бақытқа мені бөлеген өзің.

Сенсің деп айым,

Көрсетпей уайым,

Қорғаным болып келесің дәйім.

Қайырмасы:

Қасымда сенің жүргенің-ай,

Ғажап қой осы күндерім-ай,

Аяулы жарым – баянды бағым,

Ризамын саған, ризамын, жаным!

Көңілім қалап тапқан адал жан,

Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,

Жанымыз махаббаттан жаралған,

Тосады бақыт алдан!

Мұңайтпай бір күн,

Қуантып жүрдің,

Еркелігімді көтере білдің.

Үмітті жалғай,

Биікке самғай,

Жетелеп жүрші қанатың талмай.

Қайырмасы

Қасымда сенің жүргенің-ай,

Ғажап қой осы күндерім-ай,

Аяулы жарым – баянды бағым,

Ризамын саған, ризамын, жаным!

Көңілім қалап тапқан адал жан,

Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,

Жанымыз махаббаттан жаралған,

Тосады бақыт алдан!

Көңілім қалап тапқан адал жан,

Жүректе толы тәтті ән, ақ арман,

Жанымыз махаббаттан жаралған,

Тосады бақыт алдан!

 

2003.mp3

                                                                             Айналайын

Өзің едің тірегім де,

Жыр боп тұңтың жүрегімде

Мені сендей түсінетін

Кім бар екен бұл өмірде?

 Қайырмасы:  (2 рет)

Жарқын құшақ жайған айым

Ниетіңе сай болайын

Мені сүйген жүрегіңнің

Лүпілінен айналайын

Саған мәнгі борыштармын

Көңіліме қоныстандың

Азаматтың ажарына

Мақтау айтсам намыстандың

 Қайырмасы (2 рет)

Әнің әнге жалғассын деп

Келеді арман алға сүйреп

Менің кемем өрге жүзсе

Сен қуандың алғашқы рет

 

2004.mp3

                                                                              Бақыттымын өзіңмен

1.Бакыттымын өзіңмен,
Ғашык болдым көзіңе.
Қаракатым деп суйдін, 
Қаракаттай көзімнен. 

қайырмасы:
Мөлдіреген көзінен, 
Алаулаган сезімнен. 
Бақыттымын аяулым, 
Бакыттымын өзінмен.
Бакыттымын озінмен.

2.Елжіреген сезімнен, 
Тек сен ойлап көз ілген.
Ғашық едім өзыңе,
ездескен сол кезімнен.

қайырмасы:
Мөлдіреген көзінен, 
Алаулаган сезімнен. 
Бақыттымын аяулым, 
Бакыттымын өзінмен.
Бакыттымын озінмен.


3.Куаныш көріп көзінен,
Аламын қуат өзінен.
Мен ушін бақыт дегеннін,
Бір болу мәнгі өзінмен.

қайырмасы:
Мөлдіреген көзінен, 
Алаулаган сезімнен. 
Бақыттымын аяулым, 
Бакыттымын өзінмен.
Бакыттымын озінмен.

 

2005.mp3

                                                                            Аяулым

Алыс қалған күндер,
Жүрмедіңдер бірге,
Сағындырып.
Жетемін деп арман,
Мен де өзіңнен қалман,
Сағым қуып.

Қайырмасы:
Жеткізбейді кезең,
Өткізбейді өзен,
Бір бақытты сезем, сезем.
Бар өмірім алда,
Сен қасымнан қалма,
Оята бер таңда,
Аяулым.

Зуылдайды кеме,
Теңіздерде терең,
Дауылдарда.
Ере берші сеніп,
Жауратпаймын сені,
Жаным барда.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!