Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Жанболат пен Жазираның орындауындағы әндер

2 октября, 11:17

1503406355_zhanbolat-zhazira-senen-basa.mp3

                                                                      Сенен басқа

Көздеріңнен көрем сәуле шашқан қызғанасын білемін
Еркелетіп нұрын төккен аспан қырда өскен гүл едім
Енді жаным бекер кінәләспа кінәлі оған жүрегім
Алып кетсе менен сенең басқа қалай өмір сүремін

Қайырмасы:
Сенен басқа сенен басқа бар бақытты таба алмаймын
Сенен басқа сенен басқа ардақтына қаламаймын
Сенен басқа сенен басқа әнге де мен сала алмаймын
Сенен басқа сенен басқа сұлуларға қарамаймын

Өсіре білсең мендей нәзік гүлді махаббаттың әнімен
Әрбір сөзің әрбір ісің үлгі мақтанамын бағым мен
Екеуміздің өміріміз нұрлы бірге салған әніммен
Жанымызға жолатпаймыз мұңды тілегіміз Тәңірден

Қайырмасы:
Сенен басқа сенен басқа бар бақытты таба алмаймын
Сенен басқа сенен басқа ардақтына қаламаймын
Сенен басқа сенен басқа әнге де мен сала алмаймын
Сенен басқа сенен басқа сұлуларға қарамаймын 

 

1515756210_zhanbolat-pen-zhazira-sergm-2018.mp3

                                                               Серігім

Сан тірлікте сыналармын
Білегімді сыбанармын
Табармын тағы бір амалын
Шың биікке шығарармын-соңыма ерсең
Сенсіз əлем шаттай маған
Сені мəңгі ақтай аламын
Сезіміңді сақтай аламын
Бағымызды баптай аламын-қолыңды берсең!
Сансыз күш береді сезімің маған
Мен сенің айнымас сенімің болмын
Жанымау сен мəңгі көрігім болсаң
Еркелеп еліткен елігім болсаң
Қайталаудан шаршамаймын
Сені ғана жар санаймын
Өзге жанды аңсамаймын
Ғашық менің жан сарайым-өзіңе ғана.... 
Елігім болып ерте аламын
Бақыт жырын шете аламын
Асқақ арман нұр талабын
Жаным менің жанып тұрған көзіме қара!

Сансыз күш береді сезімің маған
Мен сенің айнымас сенімің болам
Жанымау сен мəңгі көрігім болсаң
Еркелеп еліткен елігің болам
Сансыз күш береді сезімің маған
Мен сенің айнымас сенімің болам
Жанымау сен мəңгі көрігім болсаң
Еркелеп еліткен елігің болам!
Мен сенің өмірлік серігің боламын!!!

 

1519647149_zhanbolat-pen-zhazira-ayly-kesh-2018.mp3

                                                                     Айлы кеш

Жанарын қыз жігітке төңкереді
Қос ғашық от лебімен өртенеді
Аяулым махаббатқа аялаған
Айлы кеш неткен бүгін көркем еді
Аяулым махаббатқа аялаған
Айлы кеш неткен бүгін көркем еді

Алтынай дөңгеленіп қырды асады
Маужырап айналаны түн басады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады
Қос ғашық түнгі аспаннан жұлдыз санап
Аулақта таң атқанша сырласады

Атқаны жазғы таңның байқалмайды
Бөлініп екі ғашық қайта алмайды
Недеген қиын еді қош айтысу
Қимайды қиналады айта алмайды
Недеген қиын еді қош айтысу
Қимайды қиналады айта алмайды 

 

2563.mp3

                                                                   Жан жарым

Тағдырым сынаған кезде

Биіктен құлаған кезде

Жаныма тыныштық таппай

Жүрегім жылаған кезде

Сен өзің тірегім болдың

Тәңірден тілерім болдың

Аялап алақаныңда

Жанымның шын емі болдың

 

[Қайырмасы:]

Аяулым менің, жан-жарым менің

Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі

Ағарып атқан таңдарым менің

Тек сенімен арайлы, сәнді

Ардағым менің, жан жарым менің

Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі

Ағарып атқан таңдарым менің

Тек сенімен арайлы, сәнді

 

Жаңылсам жолымнан кейде

Сен өзің шырағым болдың

Шөлдесем сусынып қанбай

Мөп-мөлдір бұлағым болдың

 

Шалқысам көңілім тасып

Шырқайтын жыр әнім болдың

Өмірде адаспай тапқан

Сен менің сыңарым болдың

 

[Қайырмасы:]

Аяулым менің, жан жарым менің

Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі

Ағарып атқан таңдарым менің

Тек сенімен арайлы, сәнді

Ардағым менің, жан жарым менің

Жазылмасын біздің жұбымыз біздің мәңгі

Ағарып атқан таңдарым менің

Тек сенімен арайлы, сәнді

 

777.mp3

                                                            Сүйгеніңді бағала

Әрбір жанның жүрегінде
Бар өзіннің арманы
Әрбір жанның сол арманы
Қиындыққа салмалы
Шын сүйгенге сүйемін деп
Айту қиын сөзімен
Сезсе шіркін сол бір жанның
Мөлдіреген көзінен
Шын сүйгенге сүйемін деп
Айту қиын сөзімен
Сезсе шіркін сол бір жанның
Мөлдіреген көзінен
 
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
 
Айналамыз гүлденетін
Нөсер төккен шақтарда
Ғашықтардың жұлдызы бар
Шығатұғын ақтаңда
Эй, ғашықтар соны күтіп
Бар сырыңды ақтарда
Сол арада мәпелескен
Айдың куә бақтарда
Эй, ғашықтар соны күтіп
Бар сырыңды ақтарда
Сол арада мәпелескен
Айдың куә бақтарда
 
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
 
Дөңгеленген мына өмір
Махаббаттан жаралған
Ғашықтар бар түсініспей
Сезімге оқ қадалған
Эй, ғашықтар құлпырыңдар
Сүйгеніңді бағала
Гүлденіңдер көктемдей боп
Күн шуақтан нәр алған
 
Теңеймін мен ғашықтарды
Айдындағы аққуға
Эй, аққулар сүйген жанды
Бағалай біл бақ қума
Айырылған сүйгеніңнен
Өте қиын білемін
Ғашықтарға бақыт тіледім
Ғашықтарға бақыт тіледім  

 

5255.mp3

                                                               Сен маған сүюді үйреттің

 

Сен маған сүюді үйреттің,


Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...



Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.



Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.



Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.



Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім. 

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!