Слабовидящим
Поиск

Читаем

Тулар жөнінде

16 декабря, 7:11

Қызыл түс әлем мемлекеттері туларында көп кездеседі. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен. Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту – Швейцариянікі. Күн бейнесі – мемлекеттік туларда жиі кездесетін нышан.

Олардың ішінде Жапонияның «Күн дөңгелегі», Тайвань туларында – ақ күн, Филиппин туында – сегіз сәулелі күн, Уругвай туында адамның бет бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» суреттері бар. Қазақстанның туында да күн суреті бейнеленген. Ал Сауд Арабиясының жалауында Құран сөздері жазылған. Иранның туында «Аллаһ акбар» деген сөйлем 22 рет жазылған. Бразилия туында тәртіп және прогресс, Руанда туында «R»  әрпі таңбаланған. 

(«Ана тілі» газетінен)

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!