Надия Галиева » 20 авг 2018, 03:15
«Зат есімнің септелуі» (Мақсаты айтылады).
Септік аттарының өзі яғни, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес - өздерінің аттарын ашады. Бұл қазақ тіліндегі жеті септік. Олардың сұрақтары және септік жалғаулары бар екендігін сендер бастауыш сыныпта танысқан едіңдер. Соларды еске түсіріп көрейік.
Ілік септігі – сөздердің бір – бірімен іліктестігін көрсетеді.
Мысалы, кімнің кітабы? Асанның кітабы.
Барыс септігі – бару деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, кімге бардың? Асанға бардым.
Табыс септігі – табу деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кімді көрдің? Асанды көрдім.
Жатыс септігі – орын, мекен дегенді білдіреді.
Мысалы, қайда болдың? Мектепте болдым.
Шығыс септігі – шығу деген мағынаны білдіреді.
Мысалы, неден оқыдың? Кітаптан оқыдым.
Көмектес септігі – жәрдемдесу, көмек ету деген ұғымды білдіреді.
Мысалы, кіммен таныстың? Асанмен таныстым.
Зат есімнің септік жалғаулары
Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не?
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен