«Н.Назарбаев Қорының гранты: менің жетістігімнің тарихы» атты тұсаукесер өтеді
Присоединяйся:

Новости и объявления

«Н.Назарбаев Қорының гранты: менің жетістігімнің тарихы» атты тұсаукесер өтеді

2 июля, 15:35

Осы сенбі, яғни 4 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты: менің жетістігімнің тарихы» атты грант иегерлерінің жарқын жобаларының онлайн-тұсаукесерін өткізеді. Лауреаттар мен Қордың грант иегерлерінің кездесуі Елорда күнін мерекелеу аясында өтеді. Танымал өнер және мәдениет қайраткерлері, талантты ғалымдар мен ҮЕҰ өкілдері қазақстандық қоғамның әлеуметтік жағдайына бағытталған шығармашылық жобаларын, ғылыми зерттеулерін және тың шешімдерін ұсынады.

Биыл Нұрсұлтан Назарбаев Қорына 20 жыл толып отыр. Бұл аралықта Қордың жүйелі түрде талантты жастарды анықтау жұмыстары жемісін беріп, ғалымдар, мәдениет қызметкерлері мен кәсіпкерлердің тұтас шоқжұлдызы қалыптасты. Осылайша, Қор еліміздің гүлденуі үшін Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеялары мен жобаларын іске асыруға белсенді қатысатын Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіби қауымдастығын құрды.

Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев қоры жыл сайын ғылым мен мәдениеттегі дарынды жастарды, азаматтық қоғамның белсенді өкілдерін қолдауға және ынталандыруға бағытталған ауқымды конкурстық бағдарламалар өткізеді. Атап айтқанда, шәкіртақылар байқауы, шығармашылық жобалар мен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін гранттар байқауы, жас ғалымдар мен мәдениет қайраткерлеріне арналған трэвел-гранттар байқауы, әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы, ғылым мен мәдениеттің көрнекті жетістіктері үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорының сыйлығына байқау, сонымен қатар жергілікті және республикалық деңгейдегі бірқатар мамандандырылған жарыстар.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының байқауларына қатысу сіздің талантыңызды танудың тамаша мүмкіндігі ғана емес, бұған қоса, кәсіби өсу, тиімді нетворкинг, өзге елдердің өкілдерімен тәжірибе және шеберлік алмасу үшін бірегей алаң болып табылады. Салада үздік болу үшін жеке және мансаптық дамудың белгілі бір кезеңдерінен өту қажет. Бұл ретте, Қордың бәсекеге қабілетті бағдарламалары ғылымда, шығармашылықта және үкіметтік емес секторда мамандарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Тұсаукесер Қордың YouTube арнасында 4 шілдеде, сағат 14.00-де өтеді. #grantkz2020

другие статьи