Слабовидящим
Поиск

Полезно знать

Ат тергеу - әдепке шақырар ізгі дәстүр

22 августа, 10:04

Ат тергеу – жаңа түскен келіннің атасы мен енесіне, қайынағалары мен абысындарына, қайын сіңлілері мен қайындарына, ауылдағы жасы үлкен адамдарға өзінше ат қою дәстүрі.

Бұл ізеттілік, көрегенділік, кішіпейілділік қасиеттерінің жарқын көрінісі. Тәрбиелік мәні зор дәстүр сыйластық пен құрметтің ерекше бір белгісі саналады. Алда-жалда жас келін әулет үлкендерінің атын атап қалса, тәрбиесіздік, құрметсіздік деп есептеліп, қатал сынға ұшыраған.

Жаңа түскен жас келіндер күйеуінің әкесін «әке» не «ата» десе, әжесін «әже» дейді. Күйеуінің ағаларына: «мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «үлкен аға», «жақсы аға», «ағакем», «көке» деген аттар қойған. Жеңгесі қайнысына әзілдеп, бойлары аласа болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Қайын сіңлілерін «шырайлым», «еркежан», «еркем», «көзжақсым», «молдақыз», «айдарлым», «кекілдім» деген.
Әркімнің туыстық жақындығына, қоғамдағы орны мен беделіне қарай тапқыр ат қойғыш келіндерді халық ұнататын. Мәселен, би, болыс болып жүрген қайнағаларын би ата, би аға, болыс ата, болыс аға дей береді. Әдепті келіндер ат тергеуге ерекше мән беріп, сыйлы адамдардың атын атауды өзіне кешірілмес күнә деп санаған.

Мәселен, өзі атын атамайтын қайын ата, қайын ағаларымен аттас бөтен адамдардың да аттарын атамай, «қажы аттас», «ағакем аттас» деген.Ал жер, су, аң, құс, төрт түлік малдың атауымен байланысты есім болса да, кейбір келіндер тапқырлық таныта білген. Егер атын атамайтын адамдардың аттары Сарыбай, Сұлушаш, Бүркітбай, Биеке, Бүйен болса, мұндайда келіндер Сарысу өзенін шикіл су десе, Сұлу төбе деген жерді әдемі төбе, бүркітті – қыран, биені – сауар, малдың бүйен ішегін жуан ішек деп өзгертіп айтқан.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!