moderator soyle » 23 окт 2020, 12:42 
			
			РАБОЧИЙ ДЕНЬ  /  ЖҰМЫС КҮНІ 
Извините, можно войти?
–    Кешіріңіз, кіруге бола ма?
Войдите, Марат, садитесь. Вы работаете у нас недавно. Пора показать свои способности
–    Кіріңіз, Марат, отырыңыз. Сіз бізге жаңадан жұмысқа келдіңіз. Өзіңізді көрсететін уақыт келді.
Что нужно делать?
–    Не істеу керек?
Вы будете работать с электронными налогоплательщиками
–    Сіз электрондық  салық төлеушілермен жұмыс істейтін боласыз
С сегодняшнего дня?
–    Бүгіннен бастап па?
Да, вы ведь закончили вчерашнюю работу
–    Иә, кешегі жұмысты бітірдіңіз ғой.
Да, я уже сдал
–    Иә, мен өткізіп қойдым
Каждую неделю будете сдавать мне отчет по исполнению работы
– Әр апта сайын маған істелген жұмыс туралы есеп өткізіп тұрасыз
Хорошо
Жақсы
Тогда на следующей неделе жду вас с отчетами
– Онда келесі аптада сізді есебіңізбен бірге күтемін
Я подготовила ... отчет
... месячный ...
... квартальный ...
... годовой ...
Мен... есепті әзірледім
... айлық ...
... тоқсандық ...
... жылдық ...