Страница 1 из 2

Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 04:35
moderator soyle
Сәлем, достар!
Бүгін бізде пікірталас (дискуссия) күні.
Бүгінгі дискуссия тақырыбын сіздер ұсыныңыздар :)
Қандай тақырыпта әңгімелесуді қалайсыздар?

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 04:51
Айнамкөз Алдашева
Қайырлы таң! Түстер жайлы сөйлесейік!
Мен ақ түсті ұнатамын, ақ түсті киімдерді көп сатып аламын.
Кімге қандай түс (цвет) ұнайды?

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 04:54
Дима Марков
Сәлем барине!
Түс жаксы такырып екен.
Маган қара, жасыл (темный) ұнайды.
Ойлаймын кобине жигиттер кара тусти унатады деп. Жане бул дурыс :D
Кара тус стандарт :lol:

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 04:58
Алена Денисовна
Привет! Салем!
Мен унатамын розовый тусти, казакша калай болады?
ашык кызыл ма? Алкызыл?
Менин сумкам да заттарым да пеналым да розовый :D
Менин нострением котериледи, сосын осы тусти коп унатамын :P

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 06:05
Сэм Сэмик
Салем достар! Мен сары түсті дәне және көк түсті ұнатамын. Сары түсті киімдерді көбінесе жазғы уақытта көп киемін, ал қыста көк түсті. Менің әпкем қызыл түсті ұнатады.

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 06:16
moderator soyle
Достар осы сәтті пайдаланып, түстер жайлы тереңірек мәлімет берейік!
Мысалы: сіздер білесіздер ме қазақ тілінде "ақ"сөзінің 130 мағыналық реңкі бар.
Знаете ли вы, что слово ақ казахском языке имеет 130 значений.

Ендеше, "ақ" сын есімінің мағынасын оқыңыздар.
Изучите значения прилагательного ақ.

1) тазалықтың белгісі (ақ босаға, ақ отау, ақ бесік т.б.);
2) сұлулықтың белгісі (ақ тамақ, ақ дидар, ақша бет т.б.);
3) үлкендіктің белгісі (ақ сақал, ақ бас, ақ қас т.б.);
4) қасиеттіліктің белгісі (ақ сүт, ақ ана, ақ шаш т.б.);
5) қуаныштың белгісі (ақ күн, «ақ сарбас» т.б);
6) адалдықтың белгісі (ақ жол, ақ ниет, ақ бата т.б.).

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 06:17
moderator soyle
"Қара" түсінің мағыналық реңктері мынадай:

1) жамандықтың белгісі (қара тізім, қара қағаз, қара ту т.б.);
2) жауыздық, қатыгездіктің белгісі (қара ниет, қарабет, қара көңіл т.б.);
3) алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісі (қара су, қара тау т.б.);
4) киеліліктің, қасиеттіліктің белгісі (қара шаңырақ, қара жер т.б.);
5) қарапайымдылықтың белгісі (қара қазақ, қара бұқара т.б);
6) қайғы-мұңның белгісі (қара күн, қара уайым, қара түн т.б.).

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 06:20
moderator soyle
"Сары" түсті ұнатсаңыздар, оның ненің белгісі екендігін, қандай тіркесте қолданылатындығына мән беріңіздер!

1) байлықтың белгісі: сары алтын, «қағанағы қарық, сағанағы сарық» т.б.;
2) кеңдіктің символы: сары дала, сары жазық, сары арқа, сары бел т.б.;
3) жас мөлшерге қатысты ұғымдар: сары тіс, сары кідір еркек, сары қарын;
4) бəйбіше, сары ауыз балапан, сары үрпек бала т.б.;
5) ақыл-парасаттың белгісі: сара көңіл, сара – таза жүрегі т.б.;
6) уайым-қайғының белгісі: сары уайым, сарғаю, сарылу т.б.



"Көк" түсін ұнататын жандар үшін, бұл түстің де мағынасын қоса береміз:

1) байлықтың белгісі: көк тонды, көк етікті, т.б.
2) құдіреттілік күштілік белгісі: жеті қат көк, көк түркілер, көк бөрі, заңғар көк, көк болат, көк темір, т.б.
3) жастық, махаббат белгісі: көгілдір сезім, көк сағым, көк көгершін, көгілдір аспан, т.б.
4) ойсыздық, сенімсіздік белгісі: көк долы, көк мылжың, көк жалқау,көк ми, көк бет, көк айыл, т.б.

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 14 фев 2020, 06:21
moderator soyle
Қыздардың "қызыл" түске құмар болатыны жасырын емес. Ендеше, мағынасына назар аударыңызар!

1) əдемілік, сұлулық белгісі: қызыл толқын, қызыл шырайлы, қызыл жүз, қызыл ажар, т.б.
2) қатігездік белгісі: қызыл найза, қызыл қан, қызыл көз, қызылбас,
3) өткірлік белгісі: қызыл тіл, қызыл сөз, қызыл ер, т.б.
4) жастық белгісі: қызыл шақа, қызыл қарын, қызыл сирақ, т.б.

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 17 фев 2020, 04:55
moderator soyle
Алена Денисовна писал(а):Привет! Салем!
Мен унатамын розовый тусти, казакша калай болады?
ашык кызыл ма? Алкызыл?
Менин сумкам да заттарым да пеналым да розовый :D
Менин нострением котериледи, сосын осы тусти коп унатамын :P


Розовый - қызғылт!