Пікірталас (дискуссия)

В этой теме можно общаться на казахском языке на любые темы.

Пікірталас (дискуссия)

Сообщение moderator soyle » 28 фев 2020, 03:33

Сәлем, достар!
Бүгін бізде пікірталас (дискуссия) күні.
Бүгінгі дискуссия тақырыбын сіздер ұсыныңыздар :)
Қандай тақырыпта әңгімелесуді қалайсыздар?
moderator soyle
 
Сообщения: 320
Зарегистрирован: 09 янв 2020, 03:05

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Бекзат Артурович » 28 фев 2020, 03:46

Сәлеметсіз бе?
"Уақыт" (время)тақырыбында сөйлесейік!
Қалай қарайсыздар?
Бекзат Артурович
 
Сообщения: 85
Зарегистрирован: 17 фев 2020, 05:02

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Аделя Ашмакын » 28 фев 2020, 03:48

Ооо, давайте тақырып осы болсын!

Бастайық, қазір уақыт жоқ деп :D
Аделя Ашмакын
 
Сообщения: 70
Зарегистрирован: 05 фев 2020, 03:20

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Бекзат Артурович » 28 фев 2020, 03:54

Я, шынымен қазір уақыт жоқ көп нәрсеге.
Немесе біз тиімді пайдалана алмаймыз :D

«Время — это то, чего мы больше всего желаем, но что, увы, хуже всего используем». :roll:
Бекзат Артурович
 
Сообщения: 85
Зарегистрирован: 17 фев 2020, 05:02

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение moderator soyle » 28 фев 2020, 04:25

Құрметті тіл үйренушілер!

"Уақыт" тақырыбы өте жақсы таңдалған.

Ендеше, "уақыт" ұғымына байланысты сөздер мен сөз тіркестерін ұсынамыз:

уақытым жоқ - мне некогда

бос уақыт - досуг; свободное время
дәл уақыт - точное время
жергілікті уақыт - местное время
кешкі уақыт - вечернее время
қабылдау уақыты - приемные часы
бірсыпыра уақыт өтті - прошло некоторое время
қайтатын уақыт болды - пришла пора возвращаться
еш уақытта - никогда
жас уақытта - в молодости
қазіргі уақытта - в настоящее время
кей уақытта - иногда
дәл уақыты жеткенде - в самый подходящий момент
moderator soyle
 
Сообщения: 320
Зарегистрирован: 09 янв 2020, 03:05

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Айнамкөз Алдашева » 28 фев 2020, 04:32

Барлықтарыңызға сәлем!

Бекзат, молодец, керемет тақырып таңдапсың ;)

Уақыт туралы айтатын сөз көп, ой көп. Бірақ, ең бастысы біз өз уақытымызды тиімді пайдалануымыз керек.
Бұл онша оңай емес, себебі қазіргі заманда уақытты босқа өткізуге әсер ететін нәрселер көп. Телефондағы әлеуметтік желілер уақытты бекер өткізеді.

Уақыт туралы біраз тіркестер бар екен ғой. Сақтап қоямын.
Тағы да сөздер мен тұрақты тіркестер бар ма?
Болса жібере беріңіз ;)
Айнамкөз Алдашева
 
Сообщения: 78
Зарегистрирован: 15 окт 2019, 08:35

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение moderator soyle » 28 фев 2020, 04:34

Сіздер сұраған тіркестер:

Уақыт - время, момент, дата, срок
уақыт аз қалды - осталось мало времени
уақытын белгілеу - установить время
уақыт және кеңістік - время и пространство
уақыт зымырап өтіп барады - время летит быстро
уақыты келді - настало время
уақыт күтпейді - время не ждет
уақыт қымбат - время дорого
уақыт озған сайын - с течением времени
уақытты босқа өткізу - попусту тратить время
уақытты мақсатсыз босқа өткізу - бесцельно тратить время
уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну - жалеть о потерянном времени
уақытын жоғалту - терять время; потерять время
уақыт өткізу - убивать время
уақыт өткен сайын - с течением времени
уақыт табу - находить время
уақыт тас екеш, тасты да тоздырады - время и камень точит
moderator soyle
 
Сообщения: 320
Зарегистрирован: 09 янв 2020, 03:05

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Аделя Ашмакын » 28 фев 2020, 04:39

уақытты босқа өткізу - попусту тратить время
уақытты мақсатсыз босқа өткізу - бесцельно тратить время
уақыттың босқа өтіп кеткеніне өкіну - жалеть о потерянном времени
уақытын жоғалту - терять время; потерять время

Мотивация беретін тіркестер екен.
Жүре бермей тек дұрыс нәрсемен айналысу керек екен. Әйтпесе, өкініп қалуымыз ғажап емес. :roll:
Аделя Ашмакын
 
Сообщения: 70
Зарегистрирован: 05 фев 2020, 03:20

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Бекзат Артурович » 28 фев 2020, 04:43

Менің тақырыбын актуально болып жатыр ғой :D

Уақыт туралы өлең оқыңыздар.
Мақатаевтың өлеңінен үзінді:

Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?
Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.
Менің жаным ашиды мына өмірді,
Өтпейтіндей көретін адамдарға!
Бекзат Артурович
 
Сообщения: 85
Зарегистрирован: 17 фев 2020, 05:02

Re: Пікірталас (дискуссия)

Сообщение Айнамкөз Алдашева » 28 фев 2020, 04:49

Мен үшін әр күн – ұлы күн,
Құдайға шүкір, тірімін.
Бір минут уақыт деген сөз,
Бір үзік менің ғұмырым...

* * *
Әдемі сағат таңдайсың,
Көресің ұстап әрқайсын,
Он сағат сатып алсаң да,
Уақытты сатып алмайсың.

Мына өлең де жақсы өлең. Авторы - Алмас Темірбай.

Оқып көріңіздер ;)
Айнамкөз Алдашева
 
Сообщения: 78
Зарегистрирован: 15 окт 2019, 08:35

След.

Вернуться в Говорим по-казахски

Кто сейчас на конференции

Сейчас этот форум просматривают: нет зарегистрированных пользователей и гости: 1

cron
Fatal: Not able to open ./cache/data_global.php