Страница 1 из 1

Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:22
moderator soyle
Сәлеметсіздер ме, құрметті тіл үйренушілер!

Алдымызда аяулы аналарымыздың, нәзік жанды аруларымыздың мерекесі - 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні келе жатыр.
Біз де тобымыздағы қырмызы қыздарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктемдей құлпырып, жайнап жүре беріңіздер!

Ендеше, бүгінгі тақырып 8 наурызға арналған құттықтау тілектер болсын!
Жігіттер қауымы! Іске сәт! ;)

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:25
Бекзат Артурович
Сәлеметсіздер ме!
Құрметті асыл жанды аналар, арулар!
Көктем мерекесі көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізге нұр шашсын.

Әрқашан шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйіңізден жылылық кетпесін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілейміз!

Сәлемнен: Сіздердің қолдаушыларыңыз, қорғаушыларыңыз!

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:28
Дима Марков
Доброе утро!

Милые, нежные, прекрасные женщины!
Пусть этот день, 8 Марта, подарит вам прекрасное настроение, исполнение всех сокровенных желаний!
Пусть он станет стартом для новых начинаний, которые принесут только радость!
Искренних вам комплиментов и добрых слов всегда!
С весенним праздником! ;)
Мерекелеріңізбен! Біз сіздерді жақсы көреміз! :D

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:32
Антон Шарапаев
Шырайлы және сүйкімді әйелдер!
Сіздерді, Көктем мейрамы – 8 Наурыз күнімен құттықтаймын!

Шын жүректен зор денсаулық, мәңгі жастық, өзара махаббат тілеймін!
Жүректеріңіз әсемді сезімге толып, әрқашанда қайталанбас-ерекше болып қалыңыздар!

Көктемнің күні жарық түсіп, айналадаңыздағы адамдардың күлімсіреген жүздерін жылытсын.
Өмірлеріңіз мол бақытқа толсын!
Сүйіңіздер, сүйікті болыңыздар!
Сіздерге денсаулық, әл-ауқат, отбасыларыңызда жайлылық, көптеген жылдар бойы жақсы көңіл-күй тілеймін!

Ізгі тілекпен, Антон!

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:37
Айнамкөз Алдашева
Рахмет сіздерге!!!

8 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі.
Осы күнді ақ шашты қариядан бастап жас жеткіншектерге дейін асыға күтеді.
Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн.
Сіздер өздеріңіздің ізеттіліктеріңізбен, сыпайлықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.

Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысымыз шексіз!
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын.
Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.

Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін.
Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!

Re: Пікірталас (дискуссия)

СообщениеДобавлено: 06 мар 2020, 03:41
Алена Денисовна
Ой, кандай керемет кушти тилектер :)
Рахмет барлыгынызга!

Мереке кутты болсын! Бакытты болыныздар!
Коктемдей кулпырып журе бериниздер!

Бул мереке менин суйикти мерекелеримнин бири :D сондыктан оте куаныштымын!

Fatal: Not able to open ./cache/data_global.php