moderator soyle » 16 мар 2020, 04:19
Сәлем, достар!
Әлемдегі төтенше жағдайға үрейленбей, сақтық шараларын толығымен орындап, сабыр сақтайық.
Кез-келген жағдайда сіздерге қажет болатын маңызды диалогтарды ұсынамыз!
Аман-сау болыңыздар!
У ВРАЧА / ДӘРІГЕРДЕ
Впервые ли Вы обращаетесь к врачу? – Дәрігерге алғаш рет қаралып отырсыз ба?
К врачу обращаюсь в первый раз – Дәрігерге алғаш рет келіп отырмын
Кто Вас направил? – Сізді кім жіберді?
Меня к Вам направил(а) участковый врач – Мені учаскелік дәрігер жіберді
В семье нет ли больных? – Үйіңізде ауру адам жоқ па?
В семье есть больной человек (в семье больного человека нет). – Үйімізде ауру адам бар (үйімізде ауру адам жоқ).
Отец (жена) болеет. Әкем (әйелім) ауырады.
На что Вы жалуетесь? Что Вас беспокоит? – Қай жеріңіз ауырады? – Сізді не мазалайды?
У меня болит живот (сердце, ноги, голова). – Менің ішім (жүрегім, аяғым, басым) ауырады.
Часто вы болеете? – Жиі ауырасыз ба?
У меня боли в сердце (в желудке, в пояснице) – Жүрегім (асқазаным, белім) ауырып отыр
Как болит? – Қалай (қайтіп) ауырады?
Живот крутит. – Ішім бұрап ауырады.
В сердце бывает колющая боль. – Жүрегім шаншып ауырады.
В ноге ноющая боль. – Аяғым қақсап ауырады.
Болит голова, особенно виски. – Басым ауырады, әсіресе шекем
Дети не болеют? – Балаларыңыз ауырмай ма?
Мои дети болеют (не болеют). – Балаларым ауырады (ауырмайды).
Какими болезнями Вы болели в детстве? – Бала кезіңізде қандай аурулармен ауырған едіңіз?
Болела в детстве ангиной, корью, дифтерией. – Бала кезімде баспамен, қызылшамен, күлмен ауырдым.
Разденьтесь до пояса, пожалуйста! – Белуарға дейін шешініңіз!
Дышите спокойно и глубоко – Еркін әрі терең демалыңыз
Разденьтесь совсем – Киіміңізді түгел шешіңіз
Одежду повесьте, пожалуйста, на вешалку – Киіміңізді ілгішке іліңіз
Снимите обувь (чулки, носки) – Аяқ киіміңізді (шұлығыңызды) шешіңіз
Ложитесь на кушетку. Ложитесь на спину – Тақтаға жатыңыз. Шалқаңыздан жатыңыз
А теперь ложитесь на живот – Ал енді етбетіңізден жатыңыз
Ложитесь на правый (левый) бок – Оң жақ (сол жақ) бүйіріңізбен жатыңыз.
Расслабьтесь, расслабьте живот. – Денеңізді, ішіңізді бос ұстаңыз.
Я Вам выпишу больничный лист. – Мен сізге ауырғаныңыз жөнінде қағаз жазып беремін.
Приходите на прием в понедельник (во вторник, среду, четверг, пятницу). – Қабылдауға дүйсенбіде (сейсенбіде, сәрсенбіде, бейсенбіде, жұмада) келіңіз.