Страница 1 из 3

Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 13 янв 2014, 04:44
Ақерке Жұмабаева
Сәлеметсіздер ме!
Менің мынадай бір сұрағым бар еді, көмектесіңіздерші...
Өмірбаян жазғанда, қызметкерлер туралы мәлімет бергенде кейде «туды» сөзін, кейде «туылды» сөзін қолданып жатады. Қай нұсқасын қолданған дұрыс?

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 13 янв 2014, 05:36
Айнура Айбол
Саламатсыз ба, Ақерке!
Туу етістігі адамға қатысты айтылғанда екі мәнде жұмсалады: баланың/адамның тууы (дүниеге келуі) және баланы туу (дүниеге келтіру). Морфолоия нормасы бойынша ырықсыз етіспен туылды деп айтылуы керек, бірақ тілімізде мұндай қолданыстар – узустық көріністер, яғни нормадан ауытқып қолдану кездеседі. Мысалы, қой қоздады дейміз, ал грамматикалық норма бойынша қой қозылады болуы керек. Туу етістігінің осындай екі түрлі қызметпен келетініне қарай туған-туысқан (туылған-туысқан емес), туған жер (жердің өзі туып тұр деген сөз емес) дейміз. Сондықтан адамның дүниеге келуін, сондай-ақ бір нәрсенің, құбылыстың пайда болуын, көрінуін туды деп қолданамыз.
Осы форумға тіркеліп, аударма, сауатты жазу, қазақ тілінің грамматикалық мәселелеріне қатысты ой бөлісуге шақырамыз.

Әзірлеушілер тобы.

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 02 мар 2014, 19:36
Жумабек Шошкейн
Айнура Айбол! Сонда Ақеркемен "Саламатсыз ба" деп амандасу дурыс па? Сәлеметсіз деген дурыс болу керек, мен ойласам. Айнура деген қазақ ат па? Айнұр шығар? :D

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 03 мар 2014, 09:10
Асылай Жалғас
Сәлеметсіз бе, Жұмабек!

Сіздің сұрағыңыз орынды.
Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне сәйкес көп жағдайда "Сәлеметсіз бе/ Сәлемет пе/Сәлеметсіздер ме" үлгілерін дұрыс, әдеби норма деп қарастырады. Дегенмен, көп жағдайда (кей өңірлерде жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік) ауызекі сөйлеу тілінде осы сәлемдесу формасының жуан вариантын "Саламатсыз ба, кейде Сәламатсыз ба" қолданатыны бәрімізге аян. Біз бұны қате деп есептемейміз, сондықтан да сабақтарда кездесетін диалогтардың барлығында дерлік осы сәлемдесу үлгісінің үш түрлі қолданысын (Сәлеметсіз бе/ сәламатсыз ба/ Саламатсыз ба) пайдаланамыз.
Ал "Айнұр" есіміне қатысты ескертпеңізді қабылдаймыз, сайтта алғаш рет осылай тіркелгендіктен, сол қалпында қалып қойған.
Енді тіркелу мәліметтерін өзгертіп, "Айнұр" боламыз. :)

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 21 авг 2014, 09:17
Канат Зиятов
Всем привет, кто знает а как будет правильно писать: журналисТТер или журналисТер? В интернете поискал, везде по разному пишется, не пойму.

Дұрысы: журналистер

СообщениеДобавлено: 22 авг 2014, 05:11
Soyle KZ
Сәлем, Қанат!
Қазақ тілінде қосымшалардың жазылу ережесіне сай,
ст, кст, тт, лл, сс, пп, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген сөздерге қосымшалар жалғанғанда соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады!
Осы ережеге сәйкес журналист сөзіне - тер көптік жалғауы жалғанған кезде, соңғы - т дыбысы түсіп қалады,
журналис+тер - журналистер,
сол секілді
поезд+дар - поездар
металл+дар - металдар

Сұрағыңызға рақмет, хабарласып тұрыңыз.

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 14 окт 2014, 15:00
Артем Синицын
сау бол - будь здоров и сау бол - пока?

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 05 янв 2015, 08:36
Амир Тлепов
да, дословный перевод-будь здоров, а также так говорят и на прощание.

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 14 авг 2015, 04:15
Ирина Ким
Осы ережеге сәйкес журналист сөзіне - тер көптік жалғауы жалғанған кезде, соңғы - т дыбысы түсіп қалады,
журналис+тер - журналистер,
сол секілді
поезд+дар - поездар
металл+дар - металдар

А мы на день журналистов ломали голову, как правильно будет писать. Спасибо, теперь знаем)

Re: Қалай жазғанымыз дұрыс?

СообщениеДобавлено: 03 окт 2015, 10:28
Тагир Талибаев
спасибо, тоже не знал. вообще сайт классный, недавно зарег-ся, буду учить казахский

Fatal: Not able to open ./cache/data_global.php