moderator soyle » 04 фев 2020, 03:48
Например: Вопрос -> ответ
Модель 1: – Оған не болыпты?
- Жұмыста отырғанда ауырып қалыпты.
- Қалай ауырып қалыпты?
- Басы айналып, құлап қалыпты.
- Иә, дәрігерлер не депті?
- Қауіпті ешнәрсе жоқ, демалу керек депті.
Модель 2: – Кеше футбол көрдің бе?
- Иә, көрдім. Біздікілер жеңіліп қалды.
- Есеп қандай болды?
- 1:3 есебімен ұтылды.
Модель 3: – Теледидарды қосшы, қазір кино болады.
- Пульт жұмыс істемейді. Батареясы бітіп қалыпты.
- Ендеше, теледидардың өзінен қос.
- Қосылмайды. Теледидар бұзылып қалыпты.
- Мүмкін емес. Жаңа теледидар ғой. Жарық бар ма екен, қарашы.
- Иә, жарық сөніп қалыпты, телефон да істемей қалыпты.