Страница 1 из 1

Жіктік жалғау қай кезде көпше түрде болады?

СообщениеДобавлено: 12 янв 2017, 07:49
baha lastname
Сәлем.

Қай вариант дұрыс - көпше түрде ме жекеше түрде ме? Неге?

1. Есім:
біз Ивановпыз - біз Ивановтармыз
сендер Ивановсыңдар - сендер Ивановтарсыңдар

2. Мамандық, статус:
біз мұғалімбіз/оқушымыз - мұғалімдерміз/оқушылармыз
сендер студентсіңдер/дәрігерсіңдер - студенттерсіңдер/дәрігерлерсіңдер

3. Ұлт:
біз қазақпыз - қазақтармыз
сендер татарсыңдар - татарларсыңдар

Осы жайында ақпаратты қайдан табуға болады? Авторларға сілтеме берсеңіз өте риза боламын.
Рақмет.

Re: Жіктік жалғау қай кезде көпше түрде болады?

СообщениеДобавлено: 12 янв 2017, 10:02
Soyle KZ
baha lastname, сәлем!

Дұрысы - біз Ивановпыз, сендер Ивановсыңдар, біз мұғалімбіз/оқушымыз, сендер студентсіңдер/дәрігерсіңдер, біз қазақпыз, сендер татарсыңдар, себебі
-мыз/-міз, -быз/-біз, -пыз/-піз
-сыңдар/-сіңдер
-сыздар/-сіздер – жіктік жалғауларының көпше түрі, оған қосымша көптік жалғауын жалғаудың қажеті жоқ.