Страница 1 из 1

Помощь

СообщениеДобавлено: 22 мар 2020, 18:00
Алена Денисовна
Қыдыр ата деген ким? Наурызбен кандай басланысты?

Re: Помощь///ответ

СообщениеДобавлено: 22 мар 2020, 18:13
moderator soyle
Қыдыр ата және Ұлыстың ұлы күні
Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.
Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күн» деп атаған. Ескіше – 9 наурыз, жаңаша 21-нен 22-не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түн «Қызыр түні» түні деп аталады.

Қыдыр атаның сипаттамасы
Қыдыр (Қызыр) ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

Міне сондықтан әр үй Қыдыр атаның жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші-сыртын, қора-қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп немесе бата беріп кетеді деп түсінген. «Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. ;)

Re: Помощь

СообщениеДобавлено: 22 мар 2020, 18:28
Алена Денисовна
Спасибо большое! :)
Рахмет!