moderator soyle » 13 фев 2020, 06:15
Ойды бірізділікпен жеткізу амалдарын, ойдың реттілігін, байланыстылығын білдіретін дәнекерлеуші тілдік құралдарды былайша топтастыруға болады:
Сөзді бастауға қатысты тілдік құралдар:
- Меніңше, менің ойымша, біздіңше;
- Біріншіден, екіншіден, ...
- Ойымызды жалғастыратын болсақ, ...
- сөз басында айтқанымдай, жоғарыда айтып өткеніміздей, жоғарыда айтылғандар негізінде,
- сондай - ақ, дегенмен, әйтсе де, алайда;
Ойын, пікірін жалғастыру үшін пайдаланылатын тілдік құралдар:
- сондай – ақ, ...дегенмен, ал, әйтсе де, алайда, шынын айтқанда, ақиқатын айтқанда, турасын айтқанда, ақиқатқа жүгінсек ...;
- анығын айтқанда, турасына көшсек,...
- қысқартып айтқанда, ... қысқасын айтқанда, ...
- қысқартатын болсақ, ...қысқаша айтқанда, бұл ретте
- осының салдарынан, осының нәтижесінде, ...
- талдай келе, талдайтын болсақ, ... жалпы айтқанда,
- дей тұрғанмен,...алайда, ...
- сонымен қатар, сонымен, ...оның үстіне, ...