Страница 1 из 1

Көмек

СообщениеДобавлено: 13 фев 2020, 06:09
Айнамкөз Алдашева
Ойды жүйелі жеткізу үшін қолданатын дайын тіркестер бар ма?

Re: Көмек

СообщениеДобавлено: 13 фев 2020, 06:15
moderator soyle
Ойды бірізділікпен жеткізу амалдарын, ойдың реттілігін, байланыстылығын білдіретін дәнекерлеуші тілдік құралдарды былайша топтастыруға болады:


Сөзді бастауға қатысты тілдік құралдар:

- Меніңше, менің ойымша, біздіңше;
- Біріншіден, екіншіден, ...
- Ойымызды жалғастыратын болсақ, ...
- сөз басында айтқанымдай, жоғарыда айтып өткеніміздей, жоғарыда айтылғандар негізінде,
- сондай - ақ, дегенмен, әйтсе де, алайда;


Ойын, пікірін жалғастыру үшін пайдаланылатын тілдік құралдар:

- сондай – ақ, ...дегенмен, ал, әйтсе де, алайда, шынын айтқанда, ақиқатын айтқанда, турасын айтқанда, ақиқатқа жүгінсек ...;
- анығын айтқанда, турасына көшсек,...
- қысқартып айтқанда, ... қысқасын айтқанда, ...
- қысқартатын болсақ, ...қысқаша айтқанда, бұл ретте
- осының салдарынан, осының нәтижесінде, ...
- талдай келе, талдайтын болсақ, ... жалпы айтқанда,
- дей тұрғанмен,...алайда, ...
- сонымен қатар, сонымен, ...оның үстіне, ...

Сілтеме

СообщениеДобавлено: 13 фев 2020, 06:16
moderator soyle
Басқа да тіркестер туралы толық ақпарат алғыңыз келсе, мына сілтемеге өтіңіз https://www.soyle.kz/lesson/53/grammar

Рахмет!

СообщениеДобавлено: 13 фев 2020, 06:20
Айнамкөз Алдашева
Рахмет сізге! Толық ақпаратты тек осы жерден аламын :idea: