Қазақ тілінде көбіне ұлдар ер адамдармен амандасқанда "Ассалаумағалейкум" деп амандасады, ал әйел адамдарға "Сәлеметсіз бе?" , "Амансыз ба?" деп сәлемдесу үрдісі қалыптасқан.
Ер адамдарға ұлдар "Сәлеметсіз бе?" десе кей адамдар ерсі көреді, дұрыс деп есептемейді.
Әр елдің салты басқа дейді ғой, сол секілді Қазақстанның әр аумағында әр түрлі амандасу түрлері кездеседі.