moderator soyle » 05 мар 2021, 05:50
14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.
Көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді.