moderator soyle » 14 фев 2020, 06:20
"Сары" түсті ұнатсаңыздар, оның ненің белгісі екендігін, қандай тіркесте қолданылатындығына мән беріңіздер!
1) байлықтың белгісі: сары алтын, «қағанағы қарық, сағанағы сарық» т.б.;
2) кеңдіктің символы: сары дала, сары жазық, сары арқа, сары бел т.б.;
3) жас мөлшерге қатысты ұғымдар: сары тіс, сары кідір еркек, сары қарын;
4) бəйбіше, сары ауыз балапан, сары үрпек бала т.б.;
5) ақыл-парасаттың белгісі: сара көңіл, сара – таза жүрегі т.б.;
6) уайым-қайғының белгісі: сары уайым, сарғаю, сарылу т.б.
"Көк" түсін ұнататын жандар үшін, бұл түстің де мағынасын қоса береміз:
1) байлықтың белгісі: көк тонды, көк етікті, т.б.
2) құдіреттілік күштілік белгісі: жеті қат көк, көк түркілер, көк бөрі, заңғар көк, көк болат, көк темір, т.б.
3) жастық, махаббат белгісі: көгілдір сезім, көк сағым, көк көгершін, көгілдір аспан, т.б.
4) ойсыздық, сенімсіздік белгісі: көк долы, көк мылжың, көк жалқау,көк ми, көк бет, көк айыл, т.б.