Каламкас Альжанова » 21 дек 2016, 05:34
Сәлеметсіз бе, Жұмабек!
Сіздің сұрағыңыз орынды.
Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне сәйкес көп жағдайда "Сәлеметсіз бе/ Сәлемет пе/Сәлеметсіздер ме" үлгілерін дұрыс, әдеби норма деп қарастырады. Дегенмен, көп жағдайда (кей өңірлерде жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік) ауызекі сөйлеу тілінде осы сәлемдесу формасының жуан вариантын "Саламатсыз ба, кейде Сәламатсыз ба" қолданатыны бәрімізге аян. Біз бұны қате деп есептемейміз, сондықтан да сабақтарда кездесетін диалогтардың барлығында дерлік осы сәлемдесу үлгісінің үш түрлі қолданысын (Сәлеметсіз бе/ сәламатсыз ба/ Саламатсыз ба) пайдаланамыз.
Бұл пікірмен мүлдем келіспеймін. Орфография заңдылығына сәйкес "Сәлеметсіз бе" деп дұрыс жазуды үйрету керек. Ал қай өңірде қалай айтылатыны басқа әңгіме, бұл орфоэпия немесе диалектке байланысты. Сабақ үлгілерінде сәлемдесу үлгісінің үш түрлі қолданысын (Сәлеметсіз бе/ сәламатсыз ба/ Саламатсыз ба) пайдаланған дұрыс емес!!! Бұл - ҚАТЕ. Ортақ норма болу керек. Сайт көпшілікке, әсіресе тіл үйренушілерге, арналған, сондықтан дұрыс үйретіңіздер! Мектептің көп кітаптарында да диалект сөздер кездеседі, бұл да дұрыс емес.
Мысалы орыс тілінде "здравствуйте" деп жазылады, ауызекі тілде "здрасте" деп айталады деп, сайт, кітаптарда солай жазбайды ғой!!!
Жұмабектің айтқаны - орынды!