Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Қазақ тілін онлайн режимде үйрететін сайтқа сұраныс артқан

8 августа, 19:21


Қазақ тілінде сөйлеуді онлайн үйрететін soyle.kz сайтына сұраныс артып келеді.


Ғаламторға шыққалы жарты жылдың ішінде әлемнің 50 мемлекетінен адамдар кіріп, қазақ тілін үйрене бастаған. Бұл – елімізде қолға алынған алғашқы жоба. Идея авторы - мемлекеттік тілді дамыту қоры. Тәуелсіздік алған 23 жылда қазақ тілін дамыту үшін небір әдіс-тәсілдер қолданылды.

Бұл жоба солардың ішіндегі бірегейі болып тұр. Күн санап дамыған технология адамзаттың басын ғаламторда қосты. Осы үрдісті ескерген мемлекеттік тілді дамыту қоры soyle.kz атты онлайн режимдегі сайтты жасап шықты. Алдымен олар осыған ұқсас шетелдің сайттарын зерттеген, тәжірибе жинаған. Соңында қазақстандық бағдарламашылар мен тіл ғылымының мамандарын жинап, тегін қызмет түрін көпшілікке ұсынды.

Азат Шәуеев, мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

- Соңғы мәліметтерге сенсек, Қазақстанның 70%-дан астам тұрғыны интернетті белсенді қолданады екен. Бұл – жақсы көрсеткіш. Міне, 6 айдың ішінде дүниежүзінен 120 мыңнан астам адам кіріп, тіркелген. Қазақ тілін үйреніп жатқандардың саны бүгінгі күні 11 362 адамды құрап отыр.

Қордың құрылтайшысы – ҚР Тұңғыш Президенті қоры. Кезінде «Самұрық-Қазына» холдингімен бірге қаржылай демеу білдірген де осы қор. Келешекте қор өкілдері сайттағы сабақ түрлерін көбейтуді де қазірден жоспарлап отыр.

Виолетта Дробышева, тіл үйренуші:

- Сайт өте қызықты. Адамды тартып тұрады. Менің ұққаным, оқулықтарға қарағанда, бұл жерде грамматиканы үйрену өте оңай және қарапайым. Күніне бір-екі сағатымды осы сайтқа арнаймын. Қазір өзім де нәтиже бар екенін сезіп жүрмін.

Асылжан Төрениязова, филология ғылымдарының кандидаты:

- Оның ішіндегі сабақтар кәдімгі дәстүрлі оқулықтар сияқты емес, барлығы күнделікті тұрмыста пайдаланатын сөздер болғандықтан, үйрену жеңіл. Тек қана жазылған нәрсені теорияық жағынан игеру ғана емес, грамматиканы сөйлеу барысында игеру, сауатты жазуға, сауатты сөйлеуге үйрену жүйелі ұсынылған.

Енді жоба авторлары ғалымдармен бірігіп, сайтты жетілдіргісі келеді. Келешекте балаларға арналған арнайы бөлім де болмақ. Ал осы жылдың соңына қарай ұялы телефонның «андройд» жүйесіне арналған қосымшаны іске қосуды көздейді.

Авторлары: Нұрболат Туысбайұлы, Берік Ахтан, Айтжан Отызбаев

Источник: www.24.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!