Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Қайрат Нұртастың орындауындағы әндер

24 августа, 5:18

Kairat_Nurtas_-_Alga_Kazakhstann.mp3

Алға Қазақстан 

Бабалар бұл жерде елін қорғап терлеген
Батырлар бұл жерде намыс қолдан бермеген
Жерін қорғап қазақ жауға қылыш сермеген
Қазақстаным, Қазақстаным

Ал қазір мақтаныш бізге қазақ даласы
Байлығы мол, тағы бар жаужүрек баласы
Арманға бастаған бұрылған көп қаласы
Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.

Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.

Баршаға танулы ұлан байтақ жерім бар
Егемен тәуелсіз қазыналы елім бар
Ашық көк аспан, асқарлы тау көлім бар
Қазақстаным, Қазақстаным

Жасасын қазағым жаса, батыр жастарым
Желбіретіп туды, жеңіске жол бастаған
Елбасы, тарихы болсын мәңгі дастаным
Қазақстаным, Қазақстаным

Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.

Алға Қазақстан, Қазақстан!
Самға Қазақстан, Қазақстан!
Жаса Қазақстан, Қазақстан!
Байлығым менің, тәуелсіз елім.

Kairat_Nurtas_-_Astana.mp3

Астана 

Екеумізге ыстық ол жақта,
Есілмен сол бір күн,
Біздерге қызығар көз ілмей,
Еркеле, ағатын толқын.
Қазағымның ордасын,
Тәңір өзі қолдасын,
Бағың бастан таймай,
Жасай бер мәңгі жайнай.
Бар алаштың анасы,
Ғашықтардың қаласы,
Жүректе сезім туған,
Есілдің ерке жағасы.

Қайырмасы:
Жақұт төгіп әр түні,
Жұлдыз шашып сан гүлі,
Сарыарқаның төсінде жайнаған көркем,
Астана...
Бар әлемге танылған,
Бақыт көрем бағыңнан,
Бәйтеректей биікке ұмтылған өлкем,
Астана...

2) Жастық жігер мәңгі жалында, 
Еліммен қуат алып 
Жүректе махаббат барында,
Сүйейін оттай жанып,
Қазағымның ордасын,
Тәңір өзі қолдасын,
Бағың бастан таймай,
Жасай бер мәңгі жайнай.
Бар алаштың анасы,
Ғашықтардың қаласы,
Жүректе сезім туған,
Есілдің ерке жағасы.

Қ-сы:
Жақұт төгіп әр түні,
Жұлдыз шашып сан гүлі,
Сарыарқаның төсінде жайнаған көркем,
Астана...
Бар әлемге танылған,
Бақыт көрем бағыңнан,
Бәйтеректей биікке ұмтылған өлкем,
Астана...
О Астана...
Сарыарқаның ажарлы, алтын тәжісі
Астана...
Сарыарқаның ажарлы, алтын тәжісі
Астана...(2)

Kairat_Nurtas_-_Akeler.mp3

Акелер

Отқа түстін суға түстін мен үшін

енді міне бағын берді жемісін

бала қыран шыңға шықса бұл күнде

мұның бәрі әке сенің жемісін

Қайырмасы:

Анашымды отырғызып жаныма

Той берейін салып алаканыма

Ей адамда шүкіршілік етіңдер

Мына өмірде әкелерің барына

Тек әкелер сендер ғана лайықсын

Хан сарайы патша тағына

Қайырмасы:

Алатаудай қадірін білесін бе?

Арманаң мен ұлдарын өсуде

Алтын шапан кигізсем де аз саған

Айтшы әке не істей алам сен үшін

Қайырмасы:

Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы

Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын

Бір күндері жұмақ іздеп барғанда

Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын

Kairat_Nurtas_-_Auyrmaidy_zhurek.mp3

Ауырмайды жүрек

Жастықтың жалынды бір күні еді

Тым ерекше атты таңғы арай

Көздеріңе көзім байланғанда

Жүрек тулап, оттай жанғаны-ай

Неге ояттың мені, жүрмедің бе?

Ой-санамды мәңгі жауламай.

Неге ғана маған кездестің сен,

Ғашық болдым қалай аңдамай?

Қайырмасы:

Ауырмайды жүрек, ауырмайды.

Сесіз өткен күндер болмаса.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

Сені ойлатқан түндер болмаса.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

Мөлдіреген көзің болмаса.

Ауырмайды жүрек ауырмайды,

Сүйем деген сөзің болмаса.

 

Жалындаған сол бір жаздың әнін,

Күз нөсері енді жалғасын.

Ауырады жүрек, ауырады,

Ауырады жүрек болғасын.

Біздей емес, ол жақ жылы дей ме?

Самғай бер, қанатын талмасын.

Жылытасын-дағы, жұбатасын,

Әрбір сөзің батқан қорғасын.

Қайырмасы — 2  рет

  Kairat_Nurtas_-_Ei_Karyndas.mp3

Эх, Қарындас!

 Ей қарындас айдай жүзді жамалың
Лағыл моншақ мөлдірейді жанарың
Хат жазасың сырға толы сезіммен
Жұмбақ жансың назік үнді маралым
Күндіз түні қоңырауды шаласың
Үндемейсің бос әуреге саласың
Сағынышқа кірпігіңді малып ап
Айтшы менен қандай бақыт табасың

Қайырмасы:
Ей қарындас ерке мінез балдай
Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай
Жұлдыздарды сәуле талып сөйле 
Жүрегіңді телефонға жалғай
Жұлдыздардан сәуле талып сөйле 
Жүрегіңді телефонға жалғай

 Арамызда сымсыз бейне қамалы 
Жанымызда бір үміт оты жанады
Телефоным іңкәр лүпке толып тұр 
Көгершіндей қатар толып қанаты 
Қатарласып баяғыдай жүргендей 
Хабарласып шаршап түн күн демей 
Маған ғашык болсаң егер шынымен
Телефонда тұрма енді үндемей 

Қайырмасы:
Ей қарындас ерке мінез балдай
Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай
Жұлдыздардан сәуле талып сөйле 
Жүрегіңді телефонға жалғай
Жұлдыздардан сәуле талып сөйле 
Жүрегіңді телефонға жалғай

Kairat_Nurtas_-_Kyzyl_gulim_ai.mp3

Кызыл гулiм ай 

Кездескенде жан аркем наз данасын
Жасыр алмай сырынды коз карасын
Жадыратып жанымнан оте шыктын
Кызыл гулим кол жетпейтин сен ганасын

Қайырмасы (2 рет):
Кызыл гулим ай
Кызыктырдын ай
Аппак гулим ай ардагымсын ай

Сенемдесен созиме тан данасын
Жуытпайсын касынай жан баласын
Махабаттын багынан нем издеб ем
Мен издеген кызыл гул сен ганасын

Қайырмасы (2 рет):
Кызыл гулим ай
Кызыктырдын ай
Аппак гулим ай ардагымсын ай

Гажабына тамсанып коз салалмай
Ажарына барша журт ан салардай
Кыз журегим кутуге сени гулим
Кыз жибегим толеген ансаганымай

Kairat_Nurtas_-_Sagyndym_seni.mp3

Сағындым сені

Сағындым сені сағындым
Шуағы сенсің бағымнан
Куәсі сенсің махаббат жалын
Армансыз алау шағымның
Аяулы асыл тілектің
Нұрындай солмас күлектің
Қабыл ал құстай ән болып ұшқан
Сағыныш, сырым жүректің

Қ-сы:

Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезіңді (2 рет)

2)Жеткізер бізді жол қашан
Таусылмас жырым толғасам
Көңілім алаң мұңайып қалып
Қасымда бір сәт болмаса

Қ-сы:

Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Аяулы сол бір ерке кезіңді 

Сағындым мөлдіреген көзіңді
Сағындым елжіреткен сезімді
Сағындым сені сағындым мен
Сағынап, жүрек езілді...

Kairat_Nurtas_-_Sen_Barda.mp3

Сен барда

Бейнеңнің тек елесімен,

Аралап ақ айдынды.

Жібектей өлең есіп ем,

Серік қып талай мұңды.

Көңілдің терезесінен,

Сығалап арай күлкі.

Өмірдің жеребесінен,

Жолымыз қақ айрылды.

 

Сен барда ұмытқандаймын,

Өмірдің бар қайғысын.

Жанымды жылытқандаймын,

Кетсеңде шалғай құсым.

Сағымға бастап барады,

Сезімім сол шақтағы.

Жанардан жас боп тамады,

Сағыныш моншақтары.

 

Жанымды жылытпаймын ба?

Қоштастық шіркін неден?

Сен жалғыз жүріп қайғырма,

Бар кінә мүмкін менен.

Мен сені ұмытпаймын да,

Жаныңа бір күн келем.

Сезімді құлыптаймын да,

Қолыңа кілтін берем.

 

Сен барда ұмытқандаймын,

Өмірдің бар қайғысын.

Жанымды жылытқандаймын,

Кетсеңде шалғай құсым.

Сағымға бастап барады,

Сезімім сол шақтағы.

Жанардан жас боп тамады,

Сағыныш моншақтары. (2х)

Kairat_Nurtas_-_Suranamyn.mp3

Суранамын

Өзгеріп дүние бір сеніменен
Өзімнен-өзім қызғанып келем
Сүйемін шексіз, сұрана берем
Бұл уақыт өзгеріс еді

Өрт болып күйіп, жалындап денем
Өшірме, жаным, сұранам сенен
Өзгеше саған сезімім, терең
Мәңгілікке жаным сен 

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым
Өмірімнен артық көремін сені, ардағым
Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын
Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым
Қайталап айтам...

Сұранамын жаратқанымнан
Сүйгенім(ді) сақта, сақта әрдайым
Қайталап айтам, сұранамын мен
Сүйгенім(ді) сақта, сақта әрдайым
Сұранамын...
Сүйгенім(ді) сақта...

 Жадырап жаным бір сеніменен
Өткен күндерім кетпейді есімнен
Сезімнің отын сен келіп жаққан
Жаным-ау, қалай өшірем?!

От болып жанды сезімім сөнген
Өшірме, жаным, сұранам сенен
Өтеді жылдар, соғады жүрек
Мәңгілікке жаным сен 

Ал мен болсам, сені жүрегіме сақтап алдым
Өмірімнен артық көремін сені, ардағым
Алыстама, жаным, сүйемін сені, аңсаймын
Деген сөздеріңді ұмыта алмай есте әрдайым
Қайталап айтам

Сұранамын жаратқанымнан
Сүйгенім(ді) сақта, сақта әрдайым
Қайталап айтам, сұранамын мен
Сүйгенім(ді) сақта, сақта әрдайым
Сұранамын...
Сүйгенім(ді) сақта

Kairat_Nurtas_Nyusha_-_Almatynyn_Tunderi.mp3

Алматының түндері-ай

Ажарлы көркің сұлу жаным.
Бір көріп ұнап қалдың.
Жүрегім сезген жылу барын.
Бір көріп сыр ақтардым.
Тайдырды жүзің ұяң жаным.
Қолымда дірілдедің.
Алматының түнін қиялдадым.
Бақытты күнім едің.

Алматының түндері-ай. 
Алатаудын салкын самалындай. 
Алматының түндері-ай. 
Уйкымды урлап сен алатындай.

Ласкают воспоминания.
Любви далеких моей.
И сердце приется тайнами.
Алматинских ночей.
Ты был моим откровением.
Творцом нечаянных грез.
Твоим была отрожением я.
Когда летели до звезд.

Алматының түндері-ай. 
Алатаудын салкын самалындай. 
Алматының түндері-ай. 
Уйкымды урлап сен алатындай.

 



 

 


другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!