Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Батырхан Шукеновтың әндері

24 января, 12:00

ana_zhan.mp3

Анажан

Жылуын жүрегінің аямаған
Сенсің ғой маған пана аяулы анам
Жайқалған жапырағы бәйтерексің
Балаңмын көлеңкеңді саялаған

Қ-сы: Тербетіп мені қостың ән-күйіңе
Аялап көкірегіңнің сәнді үніңе
Әлемнің бар асылы балаң үшін
Жетер ме жалғыз сенің әлдиіңе.

2. Мен сенің құлыныңмын жетелеген
Құлдырап қайта тартсаң кете берем
Анажан ақ сүтіңді өтер ме екем
Қайда да балаң саған еркелеген 

Қ-сы: Тербетіп мені қостың ән-күйіңе
Аялап көкірегіңнің сәнді үніңе
Әлемнің бар асылы балаң үшін
Жетер ме жалғыз сенің әлдиіңе.

 

gyl_almaty.mp3

Гүл Алматы

1.
Жасыл бақтан жаралған
Жан нұрынан нәр алған
Көгімдей көркем көңілдей сайран
Арудай жас қалам
Өркені өскен өмірдей жайран
Ардақты астанам

Қайырмасы:
Ғашығымдай сүем сені
Арманымдай адал
Алатаудай күн еңселі
Гүл Алматым
Гүл Алматым
Сұлу көктем жайнасын нұр гүлің
Сайрасын бұл бүлің

2.
Туған далам аясы
Дархандықтың саясы
Булағы балдай қыздары қандай
Көк шірша қіясы
Жігітті оттай қыздары қандай
Қырандар ұйясы

 

otan_ana.mp3

«Отан ана»

Әні: Қуат Шілдебаев

Сөзі: Тұманбай Молдағалиев

Батырхан Шукенов

 

Қиын жолдардан аман келеміз.

Асыл заман, саған сенеміз.

Жарқын өмір, жақсы күндер,

Арнап сәлем береміз.

 

Жерім құлпырды барын берем деп,

Елім жасап-ау жатар ер еңбек,

Ырысымыз тасып жатыр,

Алға бастық жеделдеп.

 

Қайырмасы

Жайнап өмір жұлдыз көгінде,

Тұр ғой жарқырап.

Көңіл көзді көп арбайды,

Қиялымды түгел тартып ап.

 

Отан Анадан қуат аламыз,

Алға жеңіспен біз барамыз.

Бақта бұлбұл сайрайды ұзақ,

Жайнайды кең даламыз.

 

Қайырмасы (2 рет)

 

Qayran_Konil-ay.mp3

Қайран көңіл-ай

Аппақ қарағым-ай,

Тоқтап қарадым-ай.

Алға асыққан арман-ай,

Ғашық жүрек қорған-ай.

 

Бақыт баспалдағы,

Айдай аспандағы.

Қайда алаулы шағың-ай,

Қалай жүрсің сағынбай?

 

Ғашық бола ма осылай!

Бақыт жолы қашық-ай.

Асып тасатын шаттықты,

Қалай кеттік шашып-ай?

 

Көңіл басылды ма?

Бағың ашылды ма?

Қайран аяулы өмір-ай!

Ойран болған көңіл-ай!

 

Ғашық бола ма осылай!

Бақыт жолы қашық-ай.

Асып тасатын шаттықты,

Қалай кеттік шашып-ай?

 

Qusni_qorlan.mp3

Құсни қорлан

Бiр кыз бар Маралдыда Корлыгайын,
Табигат берген екен кун мен айын.
Муратка iздеген жан бар жетпес,
Дарига арманым коп, не кылайын.

***
Ахау арман,
Кусни Корлан!
Екi-ай баглан.
Екеуi туган екен бiр анадан
***
Бозбала калма капы бул жалганнан,
Жiгiттiн арманы жок Корланды алган.
Озiндей бiр жан тумас,
Туса туар артылмас.

Бар галамды шарыкта,
Уа дарига, лаулiк тас.
Багдат, Мысыр, Шын Машын,
Iздесем Корлан табылмас.

 

Sagym_dunie.mp3

Сағым Дүние

 Көңіл бейне бала,

 Салған сайран-ай, а-хау!

 Өтер үнсіз ғана,

 Күндер қайран-ай,

 Жай байқалмай!

 

 Қайырмасы:

 Сағым дүние, өмір жалған-ай!

 Қанша жерде көңіл қалған-ай!

 Айға шапқан асау арман-ай!

 Ақыл ғана қорған болған-ай!

 

 Жаның қандай айна,

 Бейне көшкен-ай, а-хау!

 Алтын Саулем кайда

 Соған түскен-ай!

 Ей, арман-ай!

 

 Қайырмасы:

 

 Уақыт шіркін өтпей,

 Тұр ғой асықпай, а-хау!

 Сүйгеніне жетпей

 Қалған ғашықтай.

 

 Ей, өмір-ай

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!