Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

«Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты олимпиада өтті

4 февраля, 13:42

Өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасы өтті

Ақыл-ой және рухани дамудың, қарым-қатынастың құралы ретінде қазақ тілін меңгеруге деген қызығушылық танытқан, лингвистикалық қатынаста дарынды оқушыларды қолдау және анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Ұлттық тест орталығының КАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасымен бірлесіп Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңін 2020 жылғы 31 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «NURORDA» халықаралық мектеп-лицей базасында өткізді.

Олимпиаданың қашықтық кезеңіне Республика бойынша 2470 оқушы қатысты, ең жоғары 59-60 ұпай жинаған оқушылар Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды кезеңге шақырылды. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Республикамыздың барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып арасынан 37 оқушы қатысты.

Қорытынды кезенде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 5-7 сынып арасынан Ли Арыстанға (Нұр-Сұлтан қ., ұлты кәріс), 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбыл облысы, ұлты түрік)  «Балдаурен» РОСО -ға жолдама тапсырылды.

Олимпиада аясында оқушыларға психологиялық тренингтер өткізілді, барлық қатысушыларға «Дарын» РҒПО-ның логотипі бар футболкалар және Мемлекеттік тілді дамыту қорының дайындаған «Тәтті алма» атты кітабы таратылды. Сонымен қатар, барлық қонақтарға Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.

Дереккөз: qazaq-found.kz

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!