Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Павлодарда жаңа оқу жылында барлық мектепте қазақ сыныптары ашылады

28 мая, 14:42

Биылғы оқу жылында Павлодар қаласындағы барлық мектепте қазақ сыныбы ашылады. Бұл өз кезегінде аралас мектептің санын көбейтеді деп хабарлайды Dalanews.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеп.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының орынбасары Қуаныш Қыдыралинның айтуынша, бүгінгі күні қалада қазақ сыныптары жоқ 4 мектеп бар.

– Бұл – № 23, 16, 34 және 13 жалпы орта білім беру мектептері, – дейді Қуаныш Қыдыралин. – Жаңа оқу жылынан бастап осы мектептерде қазақ сыныптары ашылады. Бұл мақсатқа қосымша бастауыш сынып мұғалімдері жұмысқа қабылданады. Осы орайда, ата-аналар балаларын қазақ тілінде оқытуға ниет білдірсе екен деген сұранысымыз бар.

Себебі, көптеген ата-аналар өзіміздің тіліміз шорқақтау, баланы оқытуға қиын болады деген түрлі сылтаулармен балаларын орыс сыныптарына береді. Ашығын айтқанда, ата-аналар тарапынан жоғары деңгейде сұраныс бар деп айта алмаймыз.

Бөлім басшысының орынбасары қазақ сыныптары ашылатын мектептерде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Облыс орталығында барлығы 43 жалпы орта білім беру мектебі бар. Оның ішінде біреуі – жеке меншік, 31-і – аралас, сегізі – қазақ және төртеуі – орыс тілінде білім береді.

Еске сала кетейік, биыл Павлодарда балаларды 1-сыныпқа тек онлайн қабылдайды. Қала мектептеріне болашақ бірінші сынып оқушыларын қабылдау 1 маусымнан 30 тамызға дейін жүргізіледі.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!