Новости и объявления
ҰБТ: Түлектер үшін қандай жеңілдіктер енгізілді?
15 июня, 16:44Биыл ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Тест тапсыруға 132 мыңға жуық адам өтініш білдірген. Эпидемия кезінде қашықтан оқуға көшкен мектеп түлектері үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар жеңілдік енгізді, - деп жазады Egemen.kz
- Ұлттық тестілеу орталығының сайтында әр пән бойынша дайындық тестілерінің 70 бірегей нұсқасы тегін орналастырылды;
- Қашықтан оқыту жағдайында мемлекеттік бітіру емтихандары өткізілмеді, ал аттестаттар жылдық бағалар негізінде берілді;
- Мектеп бітірушілері IV тоқсанда өткен материалды қайталап, бекітеді, сондықтан ҰБТ-да 11 сыныптағы соңғы тоқсанның сұрақтары болмайды;
- ҰБТ тапсыру барысында калькулятор қолдануға рұқсат етілді, олар үстелдерде тұрады. Бірақ талапкер өзі қалаған құрылғыны өзімен бірге әкеле алмайды. Калькулятор ҰБТ тапсыру орындарында ғана беріледі.
- Тестілеу уақыты 4 сағатқа ұзартылды.
- Өткен жылмен салыстырғанда ҰБТ тапсырушылардың саны 12%-ға артқан. Өтініштер алғаш рет онлайн қабылданды.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін қажетті ҰБТ-ның шекті балы белгіленді. Сондай-ақ академиялық кезең аяқталғанға дейін қабылданған ҰБТ шекті балын жинамаған тұлғалар енді жыл бойы ҰБТ тапсыру мүмкіндігіне ие. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін талап күшейтілді, яғни оқуға түсу үшін шекті балы 70-ке дейін көтерілді.
другие статьи
-
Токаеву показали новый проект казахского алфавита на латинице
11 ноября, 2:09 -
НА БАЗАРЕ / БАЗАРДА
8 сентября, 7:24 -
История мужской косички, или зачем нужен «айдар»?
13 сентября, 11:01 -
ҰБТ ТАПСЫРУШЫЛАРДЫҢ САНЫ 12 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
14 июня, 7:27 -
Какие буквы хотят исключить из казахской латиницы
6 марта, 10:26 -
ФРАНЦИЯДА «АБАЙТАНУ» ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ
17 сентября, 14:16