Новости и объявления
Байқауға қатысып, бағыңды сына!
22 сентября, 13:32
«Алтын тобылғы» байқауы биыл алтыншы рет өтуде. Байқаудың мақсаты – заманауи қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын сайыс елдегі ең үздік жас ақындары мен жазушыларын анықтайды.
⠀
Жүлде мына номинациялар бойынша тағайындалады:
⠀
• «Жылдың үздік прозасы»
• «Жылдың үздік поэзиясы»
• «Жылдың үздік драматургиясы»
• «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
• «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»
⠀
Байқауға 18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға да қатысуға құқылы. Арнайы номинацияның жеңімпазы 3 миллион теңге иеленеді.
⠀
Байқауға қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
⠀
Өтінімді пошта арқылы Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2020@fnn.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
другие статьи
-
Стартовал первый этап конкурса «Лучший преподаватель вуза»
14 ноября, 9:23 -
Призёром Абаевских чтений стала школьница из Семея
1 сентября, 4:08 -
Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жариялады
6 июля, 8:37 -
12 мың шақырым тоқтамай ұшқан көкек
1 июня, 8:46