начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Читаем

Елтаңба бейнесі

16 декабря, 11:07

Дүниежүзінде көптеген мемлекеттердің елтаңбаларында аң-құстар бейнеленеді, бұлар көбінесе арыстан, жолбарыс, қабылан секілді азулы аңдар немесе бүркіт, аңыздағы самұрық сяқты жыртқыш құстар болып келеді.

Мемлекеттік елтаңбаға бейнелену құрметіне лайық деп бағаланған мұндай аң-жануарлардың қатарында піл, ақбөкен, жылқы, қолтырауын, зебр, мүйізтұмсық секілді жануарлар көп. Піл мен көгершін, кенгуру мен түйеқұс қатар бейнеленген елтаңбалар да бар. Ал Гватемаланың мелекеттік елтаңбасында дүниеде өте сирек кездесетін, өзі өте әдемі Кетсаль деген құстың суреті салынған.

Үлкендігі көгершіндей, қауырсыны құлашқа жуық бұл құсты жергілікті халық қасиетті құс деп біледі, оның құлпырған қауырсындарын көсемдер мен ақсүйектер сәндікке тағады. Бұған қоса Кетсаль қолға үйренбейтін, еркіндікте ғана тіршілік ететін құс, жылына екі рет ұя салып, әр жолында екі балапаннан ғана шығарады. Еркіндікті сүйетін осы әдемі құс Гватемаланың мемлекеттік елтаңбасында, мемлекеттік жалауында бейнеленеді. Сонымен қатар бұл елдің ақшасы да Кетсаль құстың атымен аталады. 

(«Ана тілі» газетінен)

другие статьи