Слабовидящим
Поиск

Новости и объявления

Мемлекет басшысы: Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын

25 ноября, 10:55

Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Рухани жаңғыру« бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыра береміз. Бұл аса маңызды құжат ұрпақтың санасын серпілтіп, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруға арқау болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын одан ары кеңейтуге күш жұмылдырамыз.

Ана тілімізді ардақтамасақ, елдігімізге сын», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті кез келген шаруашылық қызметімен айналысқан жағдайда табиғатты сақтау және оны қорғау міндеті басты қағидаттың біріне айналатындығын баса айтты.

«Жаңа экологиялық кодекс және Жасыл өсім тұжырымдамасы қабылданады.

Біз прагматизм құндылықтарын - үнем, қанағат және ұстамдылық мәдениетін орнықтыруымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

другие статьи

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/article/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!