Слабовидящим
Поиск
25 февраля , 18:30
Место проведения: г. Алматы,
Алматы қ., Абылайхан даңғылы, 38 Ғ. Мүсірепов атын. Қазақ мем. акад. балалар мен жасөспірімдер театр
Қара шекпен
Добавлено: 18.02.2017, 11:07

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық балалар мен жасөспірімдер театрында осетиялық драматург Георг Хугаевтің «Қара шекпен» пьесасының негізінде, режиссер Асхат Майемеровтің сахналауымен «Қара шекпен» спек­так­лі­нің премьерасы болып өтті. Бұл режиссердің аталмыш театр­да­ғы тыр­нақ­алды туындыларының бірі.

Авторы: Г.Хугаев
Аударған: Қ.Төлеуішов
Режиссері: А.Маемиров

Г.Хугаевтың аталмыш пьесасы көптеген елдердің сахнасында қойылған. Ертегі ретін­де де, әфсана ретінде де көрер­мен­нің тал­ға­мына ұсынылған. Шы­ғар­маның кейіпкерлері саналы адамдар емес, жабайы аң-құс пен үй жануарлары. Жалпы бұл туындының мақсаты – жан-жануарлар арқылы адам бойын­да­ғы әртүрлі кемшілік­тер­ді әжуа­лау. Қаламгердің ұш­қыр қия­лы­нан туған пьесаның идеясын режиссер жетік меңгеріп, сахнада туындыға шынайы жан бі­тіре білгені бірден көзге түс­ті.

Спектакльде бір отар қой адам тобыры ретінде көрсе­ті­ле­ді. Қо­зы – бүгінгі біздің жалынды жастар болмысы­ның жиын­тық бейнесі. Ол отарды қош­қар емес, текенің бастайтынына наразы. Өздерінің арасынан қош­қар­ды жетекші сай­лайық десе, әріптестері ­– бұл ұсы­ныс­қа селқос. Автордың пайымдауын­ша, өкі­ніш­ке орай, дәл сол сияқ­ты бү­гін­гі қоғам­да­ғы бар­лық құбы­лыстар­ға көз жұма қа­рап отырған нем­құрай­ды жандар легі бар­шы­лық. Қаны қы­зу, жүрегі жалынды жастар алд­ы­нан шыққан тосқауыл мен ке­дер­гі­лер­ден қаймықпай өтіп, ашық ойларын жасқанбай ай­туға тас-түйін дайын. Бір­ақ, би­лік құзырын аяусыз жүр­гі­зіп отыр­ған ортада олар бә­рі­бір қау­қарсыз.

Ұзақтығы: 2 сағ. 20 мин.

Чат-бот
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/events/view
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!