Любовная история по трагедии Габита Мусрепова "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу"
Жастық пен махаббат, сұлулық пен нәзіктік, шынайылық пен іңкәрлік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» қойылымы – өнер мен өмір, тәрбие-тағылым мектебі екені хақ..
Ұлы Ғабаң (Ғ.Мүсірепов) жазған бұл туынды – көпшілік-көрерменге оқиғасы жағынан өте кеңінен таныс. Дегенмен, бұл жолғы Қозы Көрпеш те, Баян да – басқа... Жаңа... Жаңаны көруге асық, құрметті Көрермен!
Авторы: Ғабит Мүсірепов
Қоюшы-режиссері: Жанат Хаджиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Театрдың көркемдік жетекшісі және директоры: Т.Теменов
Ұзақтығы: 1сағ. 35мин.