Сәлеметсіз бе, Жұмабек!
Сіздің сұрағыңыз орынды.
Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне сәйкес көп жағдайда "Сәлеметсіз бе/ Сәлемет пе/Сәлеметсіздер ме" үлгілерін дұрыс, әдеби норма деп қарастырады. Дегенмен, көп жағдайда (кей өңірлерде жергілікті тұрғындардың барлығы дерлік) ауызекі сөйлеу тілінде осы сәлемдесу формасының жуан вариантын "Саламатсыз ба, кейде Сәламатсыз ба" қолданатыны бәрімізге аян. Біз бұны қате деп есептемейміз, сондықтан да сабақтарда кездесетін диалогтардың барлығында дерлік осы сәлемдесу үлгісінің үш түрлі қолданысын (Сәлеметсіз бе/ сәламатсыз ба/ Саламатсыз ба) пайдаланамыз.
Ал "Айнұр" есіміне қатысты ескертпеңізді қабылдаймыз, сайтта алғаш рет осылай тіркелгендіктен, сол қалпында қалып қойған.
Енді тіркелу мәліметтерін өзгертіп, "Айнұр" боламыз.