Слабовидящим
Поиск

Слушаем (песни с текстами)

Ерке Есмаханның орындауындағы әндер

5 декабря, 18:01

                                                                  KZ жігіт

Көрдім, көрдім мен оны қиығымен көздің

Ойлы, бойы, еңселі қазақ екен сездім.

 

Білмеймін оның атында, жасында,

Қай рудан, қай маңнан

Бар ма сүйгені жоқ па қасында

Теңедім мен асылға.

 

Ғашықпын мен қазақ ұлына

Жүрегінің тазалығына.

Ғашықпын мен қазақ жігітке

Сенім берген нәзік үмітке.

 

Қолын созып тұрса да өзге ұлт емес бағым

Қазақ жігіті ғана менің болашақ жарым.

 

Бірақ білмеймін атында оның жасында

Қай рудан, қай маңнан

Бар ма сүйгені жоқ па қасында

Теңедім мен асылға.

 

Ғашықпын мен қазақ ұлына

Жүрегінің тазалығына

Ғашықпын мен қазақ жігітке

Сенім берген нәзік үмітке.

 

Ғашықпын мен қазақ ұлына

Жүрегінің тазалығына

Ғашықпын мен қазақ жігітке

Сенім берген нәзік үмітке.

 

                                                              Бал сезім

 

Махаббат оттан ыстық

Шымырлатқан алаулатқан жалынымен

Сезім жете жете жетелеші

Сенім кете кете берші

Жанына бір жалғыз

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

 

Сезіміне бал екенсің

Бақытыма дәрі екенсің

Мені жаным тереңдепте

Сен бар кезде

төбем көкке

Жетер жаным мына менінде

Сүйген жүрек сырласады

Көңілге қарай басады

Махаббатсыз мұң басады

Жаға беріп жүрші жанымда

 

Сезім жете жете жетелеші

Сенім кете кете берші

Жанына бір жалғыз

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

 

Саған үнсіз асыл әнім

Әр күн сайын асығамын

Нұрын шашқан биік күнсің

Сыңар аққу сүйіктімсің

Ардай қымбат асылым менің

 

Сезім жете жете жетелеші

Сенім кете кете берші

Жанына бір жалғыз

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

Махаббатсыз жан арманым

Жанға дауа таба алмадым

Жырақтамай жүрші жанымда

 

                                                                   Айша бибі

Қанша рет қанша тұрды жырлы дала?

Жадына жазған жалғыз күн-ғұлама!

Бабамның куәсіндей Айша-Бибі,

Қадалған құбажолға бір мұнара.

 

Қандай жан сезімі үшін тартты азап?

Ал өзім елестетем шақты ғажап,

Сезімді шертіп,мәнін паш еткендей,Аты қазақ.

Өмірдің жолдары ма,тондары ма?

Тұрғандай түсеңгіріп тоң жаныма,

Тәубе де,жер бетінде шын сезімнің болғанына!

 

Сол жігіт құлай сүйген Айшагүлді,

Күн сайын көру үшін жасыл өрден.

Қоңыр күздер жүрегі күңіреніп,

Жасымен мұнараның тасын кешкен!

 

Қандай жан сезімі үшін тартты азап?

Ал өзім елестетем шақты ғажап,

Сезімді шертіп,мәнін паш еткендей,Аты қазақ.

Өмірдің жолдары ма,тондары ма?

Тұрғандай түсеңгіріп тоң жаныма,

Тәубе де,жер бетінде шын сезімнің болғанына!

 

                                                            Асыл арман

Өмірдің жаз бен көктемі
Тағдырдың талай жанды құлатқан өткелі
Жасырта қойған жоқ мені
Жаныма демеу болған арманым бар көктегі
Барымды соған арнадым
Жолдарға жолдар жылдарға жыл тағы жалғадым
Соңынан құс боп самғадым
Жеткізер бір күн білемін мен сол бір арманым
 
Қаырмасы:
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын 
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман
 
Арманым жүрек тұрағы
Қажыр мен қайрат ол ақ қанат пырағы
Үміттің сенім шырағы
Жетелеп мені әрқашан алға – деп тұрады 
Мұнартып оң мен солына 
Түссе де тұман болмайды тек осал болуға
Күдіктің түспей торына
Ақ құсым келіп қонар бір күн менің қолыма 
 
Қайырмасы:
Алдамайды асыл арман
Тұрса да қанша тосқауыл тосып алдан
Тасып арман басыламын 
Жолында өтермін талай асулардан
Бәрібір мен саған жетем асыл арман

 

                                                                       Еркемін

Ақылды ибалы
Анашым сыйлады бұл өмірді
Әкемдей бар ма жан қайтара алмаған
Тілегімді жүрегімді берейін саған
 
[Қайырмасы:]
Еркемін еркеледі өмір
Ержігіт еркелете біл
Нәзік гүл мендегі көңіл
Көктемдей көркем ете біл
 
Мойныма тағардай
Әкемдей анамдай 
Жақұтымды
Қызымдай қыз дедің 
Енді мен іздеймін бақытымды уақытымды
Бөлейін соған 
 
[Қайырмасы.]
 
Өнерге арнаймын 
Өзгерте алмаймын
Тағдырымды
Басымды иемін
Өзімді сүйемін 
Барлығыңды
Ән-жырымды
Арнаймын елге 

 

                                                       Аэропорт

Аспанда да, жерде емес, 
Өзенде де, көлде емес. 
Күту заңы қиын-ау Елес-елес. 
Қоштасуға кел бері, 
Соңғы рет көр сен мені. 
Ұшып кетсем таппайсың Мүлдем енді. 

[Қайырмасы] 
Аэропорт 
Кездесу мен қоштасу, 
Мүмкін емес достасу, 
Шығарып салшы. 
Аэропорт 
Бәрі бітті, болды деп, 
Тым болмаса соңғы рет, 
Шығарып салшы, 
Шығарып салшы. 

Қоштастық деп біз неге? 
Айып тақпа күзге де. 
Кетем енді сен мені, 
Ізде, іздеме. 
Уақыт таяп, жиілеп 
Жүрек жылап, күйінед. 
Қимастықпен қараймын, Қолда билет! 


[Қайырмасы] 
Аэропорт 
Кездесу мен қоштасу, 
Мүмкін емес достасу, 
Шығарып салшы. 
Аэропорт 
Бәрі бітті, болды деп, 
Тым болмаса соңғы рет, 
Шығарып салшы, 
Шығарып салшы. 


Уақыт болса сәл қалды, 
Біз жасадық таңдауды. 
Кенет тұрып аспаннан Жаңбыр жауды. 
Ұшақ ұшпай жағдайы, 
Жасағандай арнайы. 
Қоштасуға қарсы тұр Ауа-райы 


Аэропорт 
Бізге билет жоқ тағы, 
Барлық рейс тоқтады, 
Ұшақ қасы 
Аэропорт 
Сен де тұрсың қуанып, 
Мен де тұрмын қуанып, 
Құшақташы, Құшақташы 

другие статьи

Чат-бот
Soyle-бот05:05
Приветствую на портале Soyle!
Пожалуйста, выберите язык
Нашли ошибку?
Нашли ошибку?
Страница
https://www.soyle.kz/index.php/article/view/229
Ваше имя
Почта или телефон
Пожалуйста опишите вашу проблему или идею
прикрепить файл
отправить
Спасибо за обратную связь!