Читаем
Ғибратты әңгімелер: "ДИРИЖЕРДІҢ ТАЯҚШАСЫ"
3 октября, 22:51Ұлт аспаптар оркестрі. Оның құрамында не жоқ! Қобыз, Домбыра, Сыбызғы, Шаңқобыз, Сазсырнай, Жетіген,.. Құдайға шүкір, жетіп жатыр!
Ұжымның аты ұжым. Қайткенде де оны біреу басқаруға тиіс. Кім? Қобыз ба? Әлде Жетіген бе? Ақыл таразысына салып көрсе, бәрі де лайық. Бәрінің де жөні, бәрінің де мүмкіндігі бар. Бірақ жабық жасырын дауысқа жібергенде ешқайсысы оқ бойы озып шығып, барынша көп дауыс ала алмады. «Тұяқты тұяқ жібермейді» дегендей, өзара деңгейлес түседі. Тізеге басып, күш көрсетуге тағы болмайды. Қобызды қойсаң – Домбыра, Домбыраны қойсаң – Сыбызғы,.. әйтеуір біреуі ренжиді.
Амал жоқ... бүкіл ұлттық оркестрді басқару дирижердің таяқшасына тапсырылды. Таяқша бірден мінез көрсетті. Бүгінде Ол қазақ ән-күйіне әбден еңбегі сіңген көне аспаптарды бір шыбықпен айдайды.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
Жеті ата не үшін керек? (видео)
10 июня, 11:55 -
Айтқыңыз келсе – если хотите сказать, материал к 17 уроку
3 декабря, 0:26 -
Халық ұғымындағы киелі және жағымсыз бейнелер
5 октября, 12:42 -
Стартует прием заявок на участие в конкурсе «Караван доброты»
1 октября, 11:08