Новости и объявления
Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
22 марта, 18:25Құрметті Soyle.kz сайтының қолданушылары!
Сіздерді ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейетін кезеңі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Көктің тынысын тыңдап, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған.
Наурыз – бірлік пен татулықтың, ізгілік пен бақыттың нышаны. Биылғы мейрамды тағдырдың тосынымен қарсы алып жатқанымыз анық.
Ұлыстың ұлы күні баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құруына тілектеспіз! Келер жыл Сіздің барлық бастамаларыңызға ақ жол ашып, жетістіктерге толы болғай!
Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын!
другие статьи
-
Мировая премьера фильма режиссера Адильхана Ержанова прошла в Венеции
11 сентября, 19:45 -
Памятник возлюбленной Балуана Шолака установили в Карагандинской области
10 сентября, 19:52 -
В Казахстане празднуют день семьи
13 сентября, 16:38 -
Гарри Поттерді қазақша «сөйлеткен» кәсіпкер
19 февраля, 20:17