Читаем
Ғибратты әңгімелер: "ЖЕТІ АТА"
3 октября, 23:11- Біз бір емес, бес ағайындымыз! – деді Бір Елі. – Мен ең кішімісін. Менің үлкен ағаларымды: Екі Елі, Үш Елі, Төрт Елі, Бес Елі деп атайды. Ал сендер неше ағайындысыңдар?
- Біздер тіптен көппіз! – деді Мысқал сәл қысылып. – Өйткені ол, шынында да, өздерінің неше ағайын екенін біле бермейтін.
- Ең болмаса, жеті атаңды білесің бе өзі?! Кім кімнен тарайды?!
- Білем!
- Білсең, айта ғой!
- Мысалы мен, Мысқал – Қадақтан, Қадақ – Пұттан, Пұт – Батпаннан, Батпан - ... – деді де Мысқал одан әрі бара алмай, оқыс мүдіріп қалды.
- Сөйтіп, Батпан кімнен тарайды?!
- Батпан Зілден!
- Ал Зіл кімнен туған?!
- Оны ұмытып қаалыппын!
- Ұмытқан жоқсың. Білмейсің! – деді Бір Елі Мысқалды одан бетер ұялтып.
- Ия, сен білетін шығарсың!
- Білем! Неге білмеймін?! Мысалы, менің әкем – Сынық Сүйем. Сынық Сүйемнің әкесі – Сүйем. Сүйемнің әкесі – Кез. Кездің әкесі – Аршын. Аршынның әкесі – Көш жер... – Осы тұста Бір Елі де мүдіріп қалды.
- Білмейсің! Білмейсің! Сен де білмейсің! – деп Мысқал қуанып кетті.
- Білем! Сасқаннан ұмытып қалдым!
Осыдан кейін алтыншы-жетінші аталарын естеріне түсіре алмаған екі дос әкелерінен сұрап алмақшы болып, үйлеріне жүгіріп кетті.
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)
другие статьи
-
260 детей получат гранты акима Алматинской области
14 августа, 11:47 -
Клип Димаша на казахском языке показали на MTV в США
3 октября, 20:23 -
Қазақтың ескі мақал-мәтелдері
27 сентября, 17:28 -
НАШИ В АМЕРИКЕ: КАЗАХСКОЕ РАДИО В НЬЮ-ЙОРКЕ
14 октября, 23:15 -
Традицию асар возрождают в Жамбылской области
10 июня, 11:47