Полезно знать
Тіл туралы нақыл сөздер
16 мая, 11:49
Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды.
А.Б.Августин
Бойына білім тұнған тіл еш жерде мүдірмейді.
Менандр
Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді.
Шыңғыс Айтматов
Шындықты қаласаң, тілің іркілмесін.
Публий Сир
Ашулы тіл аңдамай айтады.
Плутарх
Адамда әрдайым есінде өзге, тілінде өзге нәрсе жүреді.
Публий Сир
Тілің басыңды сақтайды.
Грасиан-и-Моралес
Барлық заманда шешендік өнері мен тіл байлығы қатар өмір сүріп келеді.
А.П.Чехов
Тілдің басты артықшылығы – түсінікті болуында.
Стендаль
Тілдің жүгенсіздігі өзіне балта боп тиеді. Қаншама адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне жара салады.
Әлішер Науаи
Тілде тұтас ұрпақтың ғасырлық еңбегі бар.
В.И.Даль
Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы.
Жюль Ренар
Тіл – біреу, құлақ – екеу. Себебі көп тыңдап, сөзді шығармай сақтасын деп берілген.
Джами
Жалқаудың тілі еңбекқор.
Бауыржан Тойшыбеков
Тіл адамға ойын жасырып, сараптап айту үшін берілген болса, кей адамдарға оның қажеті де жоқ сияқты.
А.В.Абакумов
другие статьи
-
Свой дом – своя колыбель / материал к уроку 3
3 декабря, 0:44 -
Ученые и университеты ищут новые подходы к обучению студентов
26 августа, 20:58 -
Абай ілімі – рухани кемелденуге апарар жол
28 августа, 22:11 -
Гүлсімай Сайрамбек - "Абай Әлемі" байқауының жүлдегері
5 ноября, 16:01 -
Қазақта «и» мен «у» деген дыбыс жоқ
4 февраля, 18:33