Читаем
Қу түлкі ертегісі
26 июля, 14:44
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:
- Мүмкін емес,— дейді.
- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:
- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.
- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.
другие статьи
-
Әр сөз орнында құнды
19 июня, 1:33 -
Ғибратты әңгімелер: "Қызғаныш"
4 марта, 2:58 -
Дан старт республиканскому проекту «Үздік әдебиет»
26 сентября, 16:47 -
МАЛАЙЗИЯДА АБАЙ АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
14 октября, 23:11 -
ГДЕ ВЫ РАБОТАЕТЕ? / СІЗ ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ?
3 октября, 21:41
