Новости и объявления
«Алтын тобылғы» байқауы биыл алтыншы рет өтеді
14 августа, 11:04
«Алтын тобылғы» байқауы биыл алтыншы рет өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастыратын сайыс еліміздің ең үздік жас ақындары мен жазушыларын анықтайды.
⠀
Байқаудың мақсаты – қазіргі заманғы қазақстандық көркем әдебиетті қолдау, дамыту және насихаттау.
⠀
Жүлде конкурс негізінде төмендегі номинациялар бойынша тағайындалады:
⠀
• «Жылдың үздік прозасы»
• «Жылдың үздік поэзиясы»
• «Жылдың үздік драматургиясы»
• «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»
• «Абайдың 175 жылдығына арналған үздік әдеби туынды»
⠀
18-35 жас аралығындағы жас әдебиетшілердің қазақ және/немесе орыс тіліндегі шығармалары қабылданады. Автор екі номинацияға да қатысуға құқылы. Арнайы номинацияның жеңімпазына 3 миллион теңге беріледі.
⠀
Байқауға өтінімдер 2020 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
⠀
Өтінімді пошта арқылы Нұр-Сұлтан қ., Ә. Бөкейхан к-сі, 1, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2020@fnn.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
⠀
#АлтынТобылғы #Байқау #Конкурс #НұрсұлтанНазарбаевҚоры #fnn_kz
другие статьи
-
"Проект для души": москвичи учат казахский язык
4 октября, 20:11 -
Жылқы малының мүсін-тұлғасы (инфографика)
3 июня, 12:46 -
Қазақ тіліндегі ең ұзын сөз қандай?
29 февраля, 15:09 -
Проживающей за рубежом казахской диаспоре представили портал El.kz
25 сентября, 16:50
