Новости и объявления
ФРАНЦИЯДА «АБАЙТАНУ» ПӘНІ ЕНГІЗІЛЕДІ
17 сентября, 20:16
Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәнін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».
Франциядағы Ренн университетінде «Абайтану» пәнін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сондай-ақ халықаралық әдебиет және тарих факультетінің студенттеріне қазақ ағартушылары мен зиялылары жайлы дәрістер оқылады. Игі бастаманы медицина ғылымының докторы, Ренн қаласындағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Жанар Авар-Төребаева қолға алды. Бұдан бөлек, Құрметті консул Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Ренн-Алматы бауырластығы аясында «АлРенн» квартетін құрған. Ұжым хакім Абай өлеңдерін француз тіліне аударған. 15 қарашада ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың ұсынысы бойынша Ренн университеті кітапханасына өзге де қазақ жазушыларының кітаптарын университет кітапханасына тапсырады.
Айта кетейік, 2016 жылы Құрметті консул жергілікті билікпен келіссөздер жүргізіп, Ренн қаласындағы «Алматы» саябағынан Абай ескерткішін ашқызған.
Жанар Авар-Төребаева, медицина ғылымдарының докторы:
- Абай шығармаларын үлкен көлемде кітап қылып шығару үшін сол жақтың жазушыларымен аударып жатырмыз. Дүниежүзіне танытуымыз қажет. Қазақстанның жетістіктері жайлы кітапханаға жібереміз.
Дереккөз: ruh.kz
другие статьи
-
«Абайдың ұлы жұмбағы» атты деректі фильм
5 мая, 23:59 -
Русско-казахский сборник фраз и словосочетаний (Р - С)
4 марта, 5:07 -
Қазақша сөйлейік: Пять полезных ресурсов для изучения казахского языка
22 августа, 12:24 -
ВРЕМЯ / УАҚЫТ
3 октября, 22:14 -
Ана тілі туралы даналардан жеткен сөз
8 декабря, 2:55 -
Вышла новая серия нашего спец проекта "SoyleTube"
18 октября, 15:04