начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Говорим (аудио разговорники)

В СПРАВОЧНОМ БЮРО / АНЫҚТАМА БЮРОСЫНДА

9 сентября, 18:17

vspravochnomburo.mp3

 

В СПРАВОЧНОМ БЮРО  /  АНЫҚТАМА БЮРОСЫНДА

Сколько времени осталось до отправления поезда?

– Пойыздың жүруіне қанша уақыт қалды?

Я успею купить билет?

– Мен билет алып үлгіремін бе?

Конечно, успеете. До отправления           

поезда еще двадцать минут 

– Әрине үлгіресіз. Пойыздың жүруіне әлі жиырма минут бар

В какой кассе я смогу купить билет?

– Билетті қай кассадан сатып алуыма болады?

Извините, есть билет на поезд № 308?

– Кешіріңіз, № 308 (үш жүз сегізінші) пойызға билет бар ма?

Вам придется сделать пересадку

– Сізге ауысып отыруға тура келеді

На какой станции можно сделать пересадку?

– Қай стансада ауысып отыруға болады?

Где находится расписание поездов?

– Пойыздың жүру кестесі қайда?

Расписание находится внутри вокзала

– Пойыздың жүру кестесі вокзалдың ішінде

Где находится касса?

– Касса қайда орналасқан?

Касса находится на первом (втором) этаже

– Касса бірінші (екінші) қабатта орналасқан

Есть ли для детей скидки?

– Балаларға жеңілдік бар ма?

Да, детям до семи лет проезд бесплатно

– Иә, жеті жасқа дейінгі балаларға жол жүру тегін

Детям в возрасте от семи до пятнадцати лет оформление проездных билетов по          

Республике Казахстан производится        

со скидкой пятьдесят процентов от стоимости   

– Жеті жастан он бес жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасында жол жүру билеттері елу пайыз жеңілдікпен ресімделеді

Скажите, пожалуйста, с какой                 

платформы отправляется поезд № 2            Астана -Алматы?                                           

– № 2 (екінші) Астана -Алматы пойызы қай платформадан жүреді, айтып жіберіңізші?

Поезд №2 Астана-Алматы отправляется с ... платформы

– № 2 (екінші) Астана -Алматы пойызы ... платформадан жүреді

Внутри вокзала есть обменный пункт?                  

– Вокзалдың ішінде ақша айырбастау пункті бар ма?

Пройдите в следующий зал, пожалуйста

– Келесі залға өтіңізші

Когда поезд прибывает в ...?

... Кустанай

... Кокчетав 

... Кзыл-Орду                

– ... пойыз қашан жетеді?

 Қостанайға ...

 Көкшетауға ...

 Қызылордаға ...

Поезд прибывает в ... в 3 часа

... Кустанай ...

... Кокчетав ...

... Кзыл-Орду ...

– ... пойыз сағат үште жетеді

 Қостанайға ...

 Көкшетауға ...

 Қызылордаға ...

Я могу приобрести билеты                          

заранее?                                                           

– Билетті алдын ала сатып алуыма болады ма?

Вы можете приобрести билеты                

заранее в кассе  предварительной               

продажи

– Билетті алдын ала сату кассасынан ерте сатып  алуыңызға  болады

Где находится касса                             

предварительной продажи?

– Билетті алдын ала сату кассасы қайда?

Касса предварительной продажи в следующем зале

– Билетті алдын ала сату кассасы келесі залда

Я опоздал на поезд

– Мен пойызға кешігіп қалдым

Вы опоздали на поезд?

– Сіз пойызға үлгермей қалдыңыз ба?

Когда будет следующий поезд на ...?

– ...-ға келесі пойыз қашан жүреді?

Следующий поезд отправляется  завтра в 12 часов

– Келесі пойыз ертең сағат 12-де жүреді

Я могу сдать билет и возместить сумму?

– Мен билетімді өткізіп, құнын қайтарып ала аламын ба?

У вас билет на плацкарт? 

– Сіздің билетіңіз плацкартқа ма?

Да, на плацкарт

– Иә, плацкартқа еді

Сумма на плацкарт не возмещается

– Плацкарттың құны төленбейді.

На вокзале есть комната отдыха. Там вы можете дождаться следующего поезда

– Вокзалда демалатын бөлме бар.  Сонда келесі пойызды күтуіңізге болады

Внутри вокзала есть кинозал?

– Вокзал ішінде кинозал бар ма?

Внутри вокзала есть ресторан?

– Вокзал ішінде мейрамхана бар ма?

Внутри вокзала есть кафе

– Вокзал ішінде дәмхана бар

Сегодня есть поезд в Актобе?

– Бүгін Ақтөбеге  пойыз бар ма?

Да, есть

– Иә, бар

А этот поезд идет каждый день?                

– Бұл пойыз күнде жүреді ме?

Он ходит только в среду и в воскресенье           

 

– Тек сәрсенбі мен жексенбі күндері ғана жүреді

Этот поезд ходит два раза в неделю: в пятницу и в воскресенье

– Бұл пойыз аптасына екі рет жүреді: жұма және жексенбі күндері

Можно узнать, есть экспресс поезд          

до Астаны?

– Астанаға дейін экспресс пойыз бар ма екен, білуге бола ма?

Есть экспресс поезд до Астаны              

– Астанаға дейін экспресс пойыз бар

Помогите мне, пожалуйста, я отстал от поезда

– Мен пойыздан қалып қойдым, маған көмектесіп жіберіңізші

У меня  в поезде остались вещи           

– Пойызда менің заттарым қалып қойды

Не беспокойтесь, пройдите сейчас к              

начальнику вокзала, он свяжется с             

начальником следующей станции и он скажет где вам нужно будет забрать  ваши вещи                                                     

– Алаңдамаңыз, қазір вокзал бастығына барыңыз, ол келесі стансаның бастығымен хабарласып, заттарыңызды қай жерден алу керектігін айтады

Скажите, пожалуйста, поезд

Астана - Жезказган уже прибыл на платформу?

–  Астана - Жезқазған пойызы платформаға келді ме, айтып жібермес пе екенсіз?

Нет, он еще не прибыл

– Жоқ, ол әлі келген жоқ

Во сколько он прибывает?                      

– Ол сағат қаншада келуі керек?

В восемь часов тридцать минут

– Сағат сегізден отыз минут кеткенде

Поезд не опаздывает?

– Пойыз кешігіп келе жатқан жоқ па?

Это десятый вагон?

– Бұл оныншы вагон ба?

Какая следующая станция?

–  Келесі қандай станция?

Сколько времени стоит поезд на этой станции?

– Бұл станцияда пойыз қанша тұрады?

Что вы хотели узнать?

– Не білейін деп едіңіз?

Где находится багажное отделение?

– Жүк бөлімі қайда?

Идите по перрону до конца

– Перрон бойымен соңына дейін барыңыз

Скажите, пожалуйста, где выход в город?

– Қалаға шығар жолды айтып жіберіңізші?

Прямо и налево

– Тіке жүріңіз, сосын солға  бұрылыңыз.

Где находится комната для матери и ребенка?

– Ана мен балаға арналған бөлме қайда?

На третьем этаже                                       

– Үшінші қабатта

Инвалиды и участники Великой              Отечественной войны обслуживаются вне очереди

– Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі

Детям до семи лет проезд по                   

Республике Казахстан разрешается           

бесплатно

– Жеті жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасында жол жүру тегін

другие статьи