начать обучение
РЕГИСТРАЦИЯ
Войти в кабинет

Читаем

Жол атаулары

3 октября, 20:25

Жол – ерсілі-қарсылы адам мен көлік жүруге, жүк тасуға, пайданылатын құрлық бетіндегі қатынас жолдарының жалпы атауы.

Айдау жол – кең, көп жүрілген жол.

Айрық жол – екіге, үшке айрылған жол.

Арба жол – көлік жеккен арба жол.

Аспа жол – аңғар үстінен асылдыра салған ілме жол.

Асу жол – тау жотасын, биік қыратты басып өтер өрлі жол.

Әуе жолы – ұшақтар жолы.

Даңғыл жол – сайрап жатқан тегіс, тақтақ жол.

Жалғыз аяқ жол – жаяу және салт атты адам жүретін соқпақ.

Жал жол – қыр үстіндегі жалғыз аяқ жол.

Жым – аңдар жүретін жол.

Күзер жол – кең жол.

Күрең жол – кең даңғыл жол.

Күре жол – негізгі бастау жол.

Қаптал жол – қатар жарыса түскен жол.

Қара жол – арба жүретін ескі үлкен жол.

Қасқа жол – айқын түзу жол.

Қоян жымындай жол – ирек, жықпылды, бұрылысы көп сүрлеу.

Сайрақ – ұзақ сүрі, күре жол.

Сар жол – қашық жол.

Соқпақ – адам, мал жүріп әбден тапталған жалғыз аяқ жол.

Сүрлеу – көптен бері жүрілмеген көмескі жол.

Сорап – ескі жолдың есімі.

Су жолы – кеме жолы.

Табан жол – жалғыз аяқ, сүрлеу, соқпақ.

Таптаурын жол – жүре-жүре тапталған ескі жол.

Тастақ жол – ұсақ қиыршық тасты жол.

Темір жол – пойыз жолы.

Торап – жолдардың тоғсқан түйілісі.

Төте жол – тура, жақын жол.

Ұлы жол – үлкен маңызды жол.

Шана жол – шана жүретін қарлы жол.

Шатқалды жол – тар қыспақты аңғардағы жол.

Шытырман жол – бірін-бірі кесіп өткен айқыш-ұйқыш жол.

 

другие статьи