Слушаем (песни с текстами)
Менің Қазақстаным — гимн Казахстана
5 июня, 14:17Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
другие статьи
-
В БАНКЕ / БАНКТЕ
8 сентября, 1:33 -
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН СӨЗІН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ТАНУ ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
29 сентября, 15:29 -
Казахский язык в режиме Online
21 декабря, 23:01 -
Сборник произведений Абая презентовали в Сербии
26 декабря, 23:06 -
Награждены победители детской республиканской премии «Жас Өркен»
30 октября, 1:32 -
Звуки и буквы
30 ноября, 17:46
