Говорим (аудио разговорники)
В АПТЕКЕ / ДӘРІХАНАДА
8 сентября, 22:31
| В АПТЕКЕ / ДӘРІХАНАДА | |
| вазелин | вазелин | 
| вата | мақта | 
| горчичники | қышақағаз | 
| грелка | жылытқы | 
| капли | тамшы... | 
| лекарства | дәрі-дәрмек | 
| мазь | жақпамай | 
| марля | дәке | 
| пипетка | дәрі тамызғыш | 
| пластырь | пластырь | 
| порошки | ұнтақ... | 
| таблетки | таблетка... | 
| отдел готовых лекарств | дайын дәрілер бөлімі | 
| У вас есть это лекарство? | – Сіздерде мына дәрі бар ма? | 
| Мне нужно заказать лекарство по этому рецепту. | – Маған мына рецепт бойынша дәрі дайындау керек. | 
| Дайте мне что-нибудь от головной (зубной) боли, от расстройства желудка, от простуды (от гриппа), от кашля. | – Маған бас (тіс), асқазан ауруын, тұмауды, жөтелді басатын бірдеңе беріңізші. | 
| Когда будет готово лекарство? | – Дәрі қашан дайын болады? | 
| Объясните, пожалуйста, как принимать это лекарство? | – Бұл дәріні қалай ішу керектігін (қабылдау керектігін) түсіндіріңізші? | 
| Сколько раз в день нужно принимать это лекарство? | – Бұл дәріні күніне неше рет ішу керек? | 
| Это лекарство нужно принимать три раза в день по одной таблетке (по одному порошку), по одной столовой (чайной) ложке. | – Мына дәріні бір таблеткадан (бір ұнтақтан), бір ас (шай) қасықтан күніне үш рет қабылдау (ішу) керек. | 
| Это лекарство нужно принимать перед едой или после еды? | – Мұны тамақ алдында ішу керек пе, әлде тамақтан соң ба? | 
| На это лекарство нужен рецепт. | – Бұл дәріге рецепт керек. | 
| Ваше лекарство будет готово через два (три) часа, вечером (завтра). | – Сіздің дәріңіз екі (үш) сағаттан кейін, кешке (ертең) дайын болады. | 
| Это лекарство можно получить без рецепта. Оплатите в кассу. | – Бұл дәріні рецептісіз алуға болады. Кассаға төлеңіз. | 
| Принимайте это лекарство до еды (после еды, во время еды). | – Бұл дәріні тамақ алдында (тамақтан кейін, тамаққа қосып) қабылдаңыз. | 
| Мне нужно средство от гриппа | – Маған тұмауға қарсы дәрі керек еді | 
| Что вы можете предложить от простуды? | – Суық тигенге қандай дәрі бересіз? | 
| Перед употреблением взвалтывать | – Қабылдаудан бұрын шайқап алыңыз | 
| Принимайте лекарство строго по инструкции | – Дәріні тек нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз | 
| У меня бессоница, дайте мне, пожалуйста, снотворное. | – Мен ұйықтай алмай жүрмін, маған ұйықтататын дәрі беріңізші. | 
| Мне нужен фито-чай от желудка (печени, почек) | Маған асқазанның (бауырдың, бүйректің) шөп шайы қажет | 
| К сожалению, это лекарство можно купить только по рецепту врача. | – Өкінішке орай, бұл дәріні тек дәрігердің рецептімен сатып алуға болады. | 
| Мне, пожалуйста, стерильный бинт и вату | – Маған стерильді дәке және мақта беріңізші | 
другие статьи
- 
                        
                        
                        Казахстанские вузы поделят по лигам21 августа, 20:51
- 
                        
                        
                        Вопрос формата школьных учебников поднял Асхат Аймагамбетов4 сентября, 12:42
- 
                        
                        
                        Жүрегің – інжудің қамбасы10 февраля, 22:09
- 
                        
                        
                        Батыстың қазағы наурызды неге бөлек тойлайды?11 марта, 3:33
- 
                        
                        
                        ФИЛЬМ «ДОМБЫРА» ЗАВОЕВАЛ ПРИЗ КОНКУРСА КОРОТКОМЕТРАЖЕК20 ноября, 14:48
- 
                        
                        
                        Димаш Кудайберген выпустил новый клип на казахском языке30 июля, 21:50
 
                             
                             
                             
                             
                             
                            