Полезно знать
Бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдер
6 мая, 22:36
Қазақ мақал-мәтелімен-ақ тентегін үйретіп, тезге салған. Тоқсан сөздің тобықтай түйінін келтіріп, бір-ақ ауыз сөзбен жөнін көрсеткен. Мақал-мәтелдің бала тәрбиесінде де алар орны зор. Сонымен, бала тәрбиесі туралы мақал-мәтелдерді көңіліңізге тоқи отырыңыз.
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әділдікті данадан үйрен.
Аз-аздан үйреніп дана болар.
Тәрбиелі адам тағаланған атпен тең.
Балаға байқап сөйлесең,ақылыңа көнер,
Байқамай сөйлесең, көп ішінде өлер.
Ана сүтімен бітпеген қасиет
Тана сүтімен бітпейді.
Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал артық.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.
Ас ішсең, аяғыңды жина.
Тәтті өмірдіңсұрауы қатты.
Қазаннан қара нәрсе жоқ,
Ассаң, қарын тойдырар.
Қардан аппақ нәрсе жоқ,
Ұстасаң, қолды тоңдырар.
другие статьи
-
Дене тәрбиесі жайлы нақыл сөздер
17 октября, 1:38 -
Ғибрат, нақыл, өсиет сөздер – слова назидания, наставления
10 декабря, 16:29 -
Мәңгілік махаббат жырының нақыл сөздері
24 мая, 10:41 -
Американская группа исполнила мелодию Абая «Айттым Салем, Каламкас»
20 сентября, 12:34 -
Перевод казахского алфавита на латиницу должен осуществляться без спешки
3 сентября, 17:30